ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМ МӨЛШЕРІ АЗАЙДЫ
Сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты жұмыс берушілер, жалдамалы жұмысшылар және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасын төлеу көзделген. Осыған байланысты «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Алия Аблаева журналистермен брифинг өткізді. Брифингте міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер жайы сөз болды.
Белгілі болғандай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру мөлшері өзгерген. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы аударылуда екен. Бұл жөнінде Алия Аблаева:
– Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын құрайды. Осыған сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері 990 тг.( ЕТЖ * 3,5% = 28 284 теңге * 3,5% = 989,94 = 990 теңге) және ең жоғарғы мөлшері 9900тг. (10 ЕТЖ * 3,5% = 282 840 * 3,5% = 9 899,4 = 9 900 теңге) құрады(ЕТЖ –тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшері), – деді.
– Уақытылы аударым жасалмаған жағдайда қандай жауапкершілік артылады?
– Әлеуметтiк аударымдардың уақытылы аударылмаған сомаларын төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс, – деді Алия Әуелбекқызы.
Айта кету керек, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады. Бұл ретте, жұмыс істейтін зейнет жасына жеткен ер кісілер – 63 жас және әйел кісілер – 58 жыл 6 ай жасындағыларға әлеуметтік аударымдар аудару тоқтатылады.
«Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесінің басшысы Алия Аблаева брифинг барысында әр азамат өзі үшін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы тегін түрде алуына болатынын, сондай-ақ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру» АҚ gfss.kz сайтынан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толық ақпаратты білуге болатынын айтты.

Пікір 2