» » Өмірден түңіліп кеттім: Майғазиев қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренжулі

Өмірден түңіліп кеттім: Майғазиев қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренжулі


Сәкен Майғазиев соңғы күндері елімізде үлкен талқыға түскен оқиғаға қатысты кезекті жазбасымен бөлісті. Әнші қытайлық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренішін білдірді, деп жазады Stan.kzтілшісі.

Соңғы жылдары қытай азаматтарының етегінен ұстап кете баратын қазақ қыздарының саны артқан. Бұл жағдай ұлт жанашырларын қатты алаңдатып отыр. Күні кеше желіде қытай жігіті мен қазақ қызының құдаласу рәсімінен пайда болған видео бұл жағдайды ушықтыра түсті. Бұл орайда ақын Мұхтар Шаханов қытайлыққа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарын Қазақстан азаматтығынан айыруды ұсынды.
“Соңғы бірер күн көлеміндегі талқыланып жатқан жайтқа қатысты қытайдың сөзін сөйлеп, қазаққа қарсы шыққан пікірлерді де оқып, өмірден түңіліп кете жаздадым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : “Кім қай қауымды жақсы көрсе (сөзін сөйлесе, жақтаса) қияметте сонымен бірге тіріледі “, деді. “Бауырыңа қарсы шайтан лағнетке әскер болма”, дегенді де адамзаттың асылы, сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) айтты. Таңдау өздеріңізде. Айтарым осы. Раббым! Дін дұшпандарын да, ұлт дұшпандарын да тура жолға сала гөр. Бізді де, оларды да кешіре гөр. Ұрпақтарымыздың өзге ұлтқа құл, күң болуынан өзіңе сыйынамыз. Текті тамырдан тараған бауырлар, сіздерге Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын берсін. (қазақ болып туғанына өкініп, сатқындардың сойылын соғатын санасыздармен салғыласуға жүйкем де, жүрегім де шыдамайды.) Бәріңізді бір Аллаға тапсырдым”, – деді ол.
Айта кетейік, желіде қытай азаматы мен қазақ қызының құдаласу рәсімінен видео тарап кеткен еді. Қазақтың танымал жігіттері өзгенің етегінен ұстаған қандасымызды “іштен шыққан жауға” теңеп, оны қатал сынға алған болатын.



http://stan.kz
26 маусым 2018 ж. 787 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30