» » WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін

WhatsApp қолданушылары ақшаларынан айырылып қалуы мүмкін


Сарапшылар WhatsApp мессенджеріндегі жаңа алаяқтық туралы айтты. Қылмыстық схема көмегімен алаяқтар WhatsApp-ты қолданатындардың ақшасын ұрлауы мүмкін екен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Алаяқтар өз құрбандарын алдап, ақылы сервистерге жаздырады. Қолданушы жазылғаннан кейін, айына 50 долларынан айырылады екен. Шабуыл былай басталады: қолданушыға телефонда сақталған нөмірлердің бірінен хабарлама келеді. Онда белгілі бір киім немесе аяқ киім брендінің мерейтойына байланысты сыйлық алу мүмкіндігі бар екені айтылады. Осыдан кейін қолданушыға компания сайтының сілтемесі жберіледі. Шын мәнісінде сайт мекенжайында символдардың бірі өзгертілген, ал ашылған беттің өзі тек көшірме ғана.
Кейін қолданушыға анкетадағы бірнеше сұраққа жауап беру, акция туралы достарыңмен бөлісу және құны бір доллар "жүлде алуға өтініш" рәсімдеу ұсынылады. Қолданушы банк картасындағы мәліметтерді енгізген сәтте, оның есепшотынан 50 доллар алынып, ол ақылы сервиске жазылады.


02 шілде 2018 ж. 606 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930