» » Тележүргізуші: Егер қоғамда бір нәрсе дұрыс болмай жатса, біз – халық соған лайықтымыз

Тележүргізуші: Егер қоғамда бір нәрсе дұрыс болмай жатса, біз – халық соған лайықтымыз


Тележүргізуші, продюсер Жанар Байсемізова қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді сөз етті. Халықты өзгеге зиян келтірмеуге шақырды.

“Үкіметті, депутаттарды, ТВ-ны да айыптау Сізге жақсылық әкелмейді. Қазіргі билік біздің ұжымдық ойымызға сай келеді. Егер бір нәрсе дұрыс болмай жатса, біз – халық соған лайықтымыз. Демек біздің санамыз әлі жетіле қойған жоқ. Біз әлі тұрмыстық деңгейді көтеруден аспай жатырмыз.
Тиісінше бәрі өзімізге сай. Сондықтан айыптап, анау жаман, мынау оңбаған, жеп кетті, алып кетті дегеннен Сіздің өміріңіз керемет болып кетпейді. Сіз өз ойларыңыздың құрдымына түсіп, жарқын дүниені көру қабілетінен шектеліп жатқанда байлар байи бермек.
Сіз ешнәрсені шешпейсіз. Сіз топырақсыз. Сіздің қолыңыздан түк келмейді.
Осылай гордыняны басуға болады.
Сосын өміріңізге ғажайыптар келеді. Елді айыптай бергенше өз өміріңізге жауапкершілік алыңыз. Сізге ешнәрсе жақпаса бойыңыздағы менмендіктен, тәкаппарлықтан арылыңыз.
Дәл қазір ешбір пайда тигізе алмайсыз ба, қоғамның дамуына? Онда зияныңызды да тигізбеңіз! Зиян – Сіздің негатив ойларыңыз. Сізден шыққан кесір сөз, улы ой сізге қайтарылады. Мен Сізден өтініп сұраймын. Ойыңызды түзеңізші!!! Ойыңызды тазалаңызшы!”, – деп жазды Жанар Байсемізова.
“Сіздің əрбір сөзіңіз құлаққа құйылып жатыр. Алла разы болсын. Санамызды ашып жатқаныңызға”, “Сіздің парақшаңызды оқып тұрам, жақсы нәрсеге үйретесіз”, “Кей жеріне келіспеймін”, – деп жазды желі қолданушылар.






http://stan.kz
10 шілде 2018 ж. 523 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031