» » Алматылықтарды шошытқан Атакенттегі алып тиін қанша тұрады?

Алматылықтарды шошытқан Атакенттегі алып тиін қанша тұрады?


Алматыдағы Атакент көрме орталығының қақ алдында орнатылған алып тиінға қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды. Бүгін Алматы қаласында бой көтерген 12 метрлік мүсіннің тұсаукесері өтті.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Тиінді жасауға 23 миллион теңге қаражат жұмсалды. Яғни, 66,5 мың доллардан асады. Оның 15 миллионын мемлекет, ал қалған 8 миллионды Funk төледі», – деп хабарлады Funk шығармашылық агенттігінің басшысы Майра Исмаилова.
Оның айтуынша, шығынды агенттік пен қалалық бюджет бөліп төлеген.

ÐлмаÑÑлÑÒÑаÑÐ´Ñ ÑоÑÑÑÒан ÐÑакенÑÑÐµÐ³Ñ Ð°Ð»Ñп ÑиÑн ÒанÑа ÑÒ±ÑадÑ?

Ал, барлық 16 өнер нысанының құны 78 млн теңгені құрайды.
«Біз дайын үлгілерді алмай, жергілікті дизайнерлер арасында конкурс өткізгенімізге қуаныштымыз», – деді Мәдениет басқарма басшысының орынбасары Найля Мулюкова.
Сонымен қатар, алматылықтарды таңғалдырған мүсінді жасаушы авторларының бірі Мариус Янсен Ван Вуурен тиінді жасауға қанша сабан мен металл жұмсалғанын айта кетті.
«Мүсіннің жалпы биіктігі шамамен 12 метрді құрайды. Біз оны құрастыру үшін 7 тонна металл, 3,5-4 тонна ағаш жұмсадық. Сондай-ақ, дәл осы мөлшерде сабан кетті. Бұрандама, торлар барлығы 12- 13 тоннаны құрайды», – деді ол.

ÐлмаÑÑлÑÒÑаÑÐ´Ñ ÑоÑÑÑÒан ÐÑакенÑÑÐµÐ³Ñ Ð°Ð»Ñп ÑиÑн ÒанÑа ÑÒ±ÑадÑ?

Жасаушылардың айтуынша, тиін шамамен тоғыз ай тұрады.
«Оған не болатынын көрейік. Ол барлық жануарлар сияқты өзгереді», – дейді британдық суретші, өнер объектісін жасаушы Алекс Ринслер.
Авторлардың пікірінше, сабаннан жасалған тиін қоршаған ортаға әсер етеді. Сондай-ақ, қазақстандық рекордтар кітабының өкілі бұл мүсінді елдегі ең үлкен туынды ретінде тіркеді. Ал, мүсінді жасаушы автор неліктен тиіннің бейнесін таңдағанын түсіндірді. Ол қаланы зерттеп шыққаннан кейін, тиін Алматы мен оның тұрғындарының символы болып табылады деген шешімге келген.
«Тиін – саябақтар мен скверлерде тіршілік ететін біздің көршіміз. Олар біз сияқты қала өміріне бейімделген. Сондай-ақ, біз секілді олар да қоршаған ортада аман қалып, өмір сүру үшін ресурстарға мұқтаж», – деп түсіндірді Ринслер.
Жаңғақ ұстаған тиін сабан мен ағаштан жасалғандықтан кез келген уақытта өртеніп кетуі мүмкін. Сол себепті, жоба авторлары мүсінге отқа төтеп беретін сұйықтық шашпақшы. Алайда, оның да пайдасы шамалы. Өрт мәселесі назардан тыс қалмады деп сендірген жеке компания қызыл жалынға қарсы заманауи қондырғыларды тиінге орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, нысанды бақылау үшін камера қоймақ.





Stan.kz 
10 шілде 2018 ж. 695 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930