» » Бойыңыз қандай? (психологиялық тест)

Бойыңыз қандай? (психологиялық тест)


Адамның бойының ұзындығына қарап-ақ мінезі мен қарым-қабілетін анықтауға болады екен. Бүгін бойыңызға қарап болмысыңызды анықтайтын тест ұсынамыз, байқап көріңіз.

140-150 см

Ақылды әрі ойшыл. Сіздің идеяларыңыз бен ойларыңыз бәрінен маңызды. Өз теорияларыңызды ойлап тауып, оңашада ойлануды жақсы көресіз. Интровертсіз. Ізденгенді, ойланғанды ұнататын адамдармен жақсы қарым қатынаста боласыз. Үстіртін жүріс сізге сай емес. Өмірге деген көзқарасыңызды қалыптастыруға көп уақыт жұмсайсыз. Жарты әлем сізге қарсы тұрса да, өз дұрыс деп тапқаныңызды істеуге тырысасыз.

 150-160 см

 Философ әрі көреген. Сіз басқаларға ұқсамайсыз. Түйсігіңіз өте жақсы дамыған, өмірде сенген ғажайыптарыңыз да орындалып жатады. Көпшілігі сізді дұрыс түсінбей жатады, бұл жаныңызды жаралайды. Сізге жеке кеңістік керек. Шығармашылығыңыз ары қарай дамытуды және оған өзгелер құрметпен қарауын талап етеді. Өмірдің ағын да, қарасын да айқын көресіз. Эмоцияңыз да басым.

 160-170 см

 Шыншыл да тартымды. Сіз басқаларға қамқор болуды жақсы көресіз әрі жауапкершілігіңіз жоғары. Адал еңбекке сенесіз, өз мойныңызға жүктелген міндеттерді оңай алып шығасыз. Мінезіңіз жайлы. Адамдар сізге зор сеніммен қарайды. Ақжарқын, тапқыр, шапшаң жан деп сізді айтамыз. Сіз диммидентсіз. Сөйлегенде кез келген ортаны үйіріп әкетесіз.

170-180 см

 Сенімді әрі үстем жансыз. Адамдармен тез тіл табысып кетесіз. Достарыңыз да көп, олардың өміріне мән қосып жүруді ұнатасыз. Аураңыз жарқын да жылы. Сіздің жаныңызда кез келген жан өзін жайлы сезінеді. Әр күн сайын кешегіден жақсырақ бола түсуді ойлайсыз. Қызықты, зерек, бірегей болғыңыз келеді. Сізге махаббат көбірек керек. Өзіңізді ұнатпайтын жанды да сүюге барсыз.

 190-нан жоғары

Бақытты да байыпты жан. Сергек, түсінігі мол адамсыз. Біреудің сөзін еш бөлместен, қарсы сөйлеместен, мұқият тыңдайсыз. Өмірде әр адамның жеке соқпағы болуы керек деп санайсыз. Болып жатқан жағдайлар мен адамның тосын мінездерін жеңіл қабылдайсыз. Көп нәрсеге алаңдамайсыз, стресстен тез өтесіз. Босаңсыған жан деуге де болады. Өз жолыңыздан таймай-ақ үнемі уақытты жақсы өткізесіз.

massaget.kz
10 шілде 2018 ж. 2 346 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031