Кондиционердің кесірінен бет қисаюы мүмкін
Жаздың аптап ыстығында көп адам кондиционер мен желдеткіш жанында «жан шақыратыны» бар. Ал дәрігер Жарқын Шұғаев (суретте) бұл бет-ауыздың қисайып, жүйкенің жансыздануына жеткізетін қауіпті жағдай дейді.
«Өз тәжірибемде жиі кездесетін жайлардан мысал келтіре отырып айтайын. Талдықорғаннан Серік деген 29 жастағы жігітті емдеп едім. Бір жақ беті жансызданып, қисайып қалыпты. Көзі де жұмылмайды. «Жарты жылдан бері бармаған жерім қалмады», – дейді. Бағамдасам, жел тиген. «Сквознякта» отырған. Жұмыс орнында «кондиционер» бар дегендей. Мен оған бетте үш салалы тамыр барын айттым. Соған суық жел, салқын әсер еткенде осылай көз жұмылмай, бет пен ауыз бір жағына қарай қисайып қалады.
Қапырық пен ыстықта көп адам салқындатқыш пен желдеткіш жанында жан сақтайды. Есік-терезені ашып қойып, жел өтінде отырады. Осының зиянын айтпақпын. Құлақтың сырғалығы артында бір нүкте болады. Көкжелкеде желкөлі деген нүкте бар. Ол жердегі жүйке талшығына да суық тез өтеді. Осыны суықтаудан сақтауымыз керек.
Енді осының емін айта кетейін. 3-6 ай бойы бір жақ беті жансызданып қалғандарға күшәла (мышьяк) өте шипа. Бұл сыртқа істететін уыты күшті дәрі. Өте ерте замандардан бері қолданылып келе жатқан ем. Бірақ бүгінде оны қолданатындар сирек. Осы күшәланы 24 сағат суға шылап қойып (мұны өлтіру дейді, уытын қайтарады), сосын жұқалап кесу керек. Қалыңдығы 5 миллиметрден аспағаны дұрыс. Жансызданған жаққа – көздің асты, құлақ тұсына қойып, сыртынан таңып тастайды. Күніне 1 рет алмастыру арқылы 7 рет жасалады. Әрине, арасында ағзадағы суықты қуатын дәрі-дәрмек, ине терапиясы міндетті түрде қолданылуы тиіс. Серік осылай жеті күн ішінде тәуір болды. Есесіне ол күн ыстықта салқын жел өтінде отырудың зиянын біледі. Өзгелерді де осындай қателіктен сақтандырғым келеді», – дейді дәрігер.
Оның айтуынша, күшәла буын аурулары, сыртқы қабынулар, жарақат, әйелдердегі қабынуға, жел-құздан болған салдану кеселдеріне де өте жасы ем екен. Ұйығанды жақсы басады, балалардағы сүйектің жұмсақ болуында шипа дейді. Бірақ оны дұрыс қолданбаса, мөлшерінен артық пайдаланса бауыр мен бүйрекке зияны тиюі мүмкін екен.
Жазда суықтан болған ауруларды емдеген жақсы
Дәрігер: «Жазда – суықтан болатын, қыста белең алатын, ал қыста, керісінше, жазда өршитін ауруларды емдеу нәтижелі болатынын ескерткім келеді. Сондықтан қазіргі маусымды суықтау, қабынудың созылмалы белгілерін емдеуге тиімді пайдаланған жөн, – дейді. – Менің осы қабынудан болатын ауруларға істететін бір рецептім бар. Үпілмәлік (клещевина обыкновенная) дәні. Бұл да – уыты күшті өсімдік. Ғылыми тұрғыда аш ішекке әсері жақсы деп саналады, жиырылуды тездетіп, ішті өткізеді. Онда ақуыз көп. Рак клеткасының дамуы мен өршуін тежейді. Жаңа шығып келе жатқан түйін, ісік, өкпе дертіне, жарақаттарға шипа. Оны суға тең мөлшерде араластырып, тиісті жерге таңып қояды. Солқылдатып, тызылдатуы мүмкін. Науқастың төзімділігіне қарай 1-2 күн тартады.
Отқа, суға күйген жерге таңса, жарақаты тез жазылып, орнында тыртық қалдырмайтын қасиеті де бар. Көне дәуірлерде ата-бабаларымыз бақаны кептіріп, ұнтақтап, үпілмәлік дәнімен тең мөлшерде майға араластырып, күйген жерге жағатын болған.
Емделушілер арасында суықтан болған кесел көп. Әйелдердегі жыныстық қабыну, тік ішектің төмендеуі, жатырдың төмен түсуі де көбірек байқалады. Суықтан болған кесел түрлері көп. Қабынудан болатын мұндай асқынуларда мен осы сияқты рецептермен өте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрмін».
Қан қысымына қарсы жалбыз шайын қолданыңыз
Жарқын Шұғаев көнеден келе жатқан екі мыңға жуық емдік рецептерді жатқа біледі, әрі оны емге қолданып та жүрген жан. Ол біздің оқырмандарымызға мынадай кеңес береді:
«Біздің халықта «Жалбыз бар жерде жан бар» деген сөз жиі айтылады. Мұнымен жалбыздың шипасы сипатталып тұр. Соған да тоқтала кетейін.
Жазда жалбызды табу қиын емес. Соның 3-5 грамын жарты литр суда қайнатып, ақ қант (науат) қосып ішіп жүрсе, қан қысымын қалыпта ұстауға көмектеседі.
Негізі көтерілген қан қысымын бірден түсіру дұрыс емес, ол жүрекке өте қауіпті. Ішкі органдарға қан жетіспей қалуы мүмкін. Одан әлсіздік туындайды. Ал жалбыз қан қысымын біртіндеп түсіре отырып, үнемі қалыпты болуына жәрдемдеседі. Сондықтан мұны қысы-жазы ішіп жүрсе жақсы. Оның ешқандай зияны жоқ, қайта бауырдың ыстығы өрлеп тұрғанда ағзадағы салқындатқыш ролін атқарады. Ал бауыр дегеніңіз – қан түзуші орган. Жалбыз шайы әсіресе бауырға пайдалы.
Өткенде ғана менингококк жұқпасынан бірнеше адам көз жұмып, ел дүрлігіп кетті. Осыған қарсы да бір рецепт айтайын. Ми және жұлын пердесінің қабынуын тудыратын жұқпалы түрдегі мұндай ауруға ежелде ем ретінде сүрме тамыры қолданылған. Өйткені ол вирустық жұқпалы ауруларға бірден-бір дауа. Ол менингиттің де алдын алады. Сүрме тамырының 10-15 грамын 0,5 литр суда 30 минут ақырын қайнату керек. Осыны күніне 2 рет ішеді. Әр күні жаңадан әзірлей отырып, осылай 4-5 күн ішкенде денедегі ыстықты қайтарып, қанды салқындатады, уытты шығарады. Көмекейшенің жұтынуын жақсартады. Өйткені әдетте вирус тамақтан (ауыз қуысынан) бастау алады. Сол кезде сүрме тамырының қайнатпасы оның ағзаға жайылуына жол бермей жояды. Бұл тұнба бауырдың жұқпалы ауруларын (А, В, С гепатиті) жоюда да өте пайдалы».
...Дәрігердің кеңесі көпшіліктің керегіне жарайды деп ойлаймыз. Яғни жел өтінде, салқындатқыш жанында ұзақ отырамын деп суықтап қалудан сақ болғайсыздар.
Ж. ҚАСЫМ.
Zamana.kz