» » Кесеңіз қандай?

Кесеңіз қандай?

Шайға құмар қазақ халқы қазіргі заманда самаурынын көтеріп жүре алмаса да, қай жерде жүрмесін, кесесін арқалап, шаршағанда рахаттанып шай ішеді. Кесе күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Үйімізде де, кеңсемізде де бір-бір сүйікті кесеміз тұрады. Күнде содан терлеп шай ішіп, шөлімізді қандырамыз. Сол кесемізге қарап, біздің ішкі жан-дүниеміздің бір пердесін ашуға болатындығын білесіз бе? Психолог ғалымдардың айтуынша, адамның сүйікті кесесі ол туралы талай сыр шерте алады. Қарапайым пішінді ашық түсті кесенің иесі байсалды, кейде тым жабық адам. Бұл кісіні интроверт десе болады. Ол ақылды, кез келген жағдайда сабырлы болады. Әріптесіңіздің кесесі басқа елдердің белгілерімен әшекейленген болса, алдыңызда нағыз романтик тұр деген сөз. Ол саяхаттау мен шытырман оқиғаларды армандайды. Осы кесесінен шай ішіп, сол кездерін еске алып, армандарға батады. Бұндай жігіт не қыз махаббат үшін бәріне баруға даяр. Досыңыз шайды термокеседен ішсе, оның жан-жақты адам екенін біліп жүріңіз. Ол отбасы мен үй ішіндегі бақытты алдыңғы орынға қояды. Табиғат аясына шығып, тау-тасты аралағанды ұнатады. Бұл кісі дегеніне жететін, ісін соңына дейн жасайтын сенімді адам. 

Кішкене табақшасы бар кеседен шай ішетін адам - нағыз эстет. Ол тәрбиелі, сыпайы, ұрсысуды жақтамайды. Кез келген нәрсенің ең әдемісін қалайды. Өзіне "жоқ" дей алмайды. Өзін әр уақытта жақсы жағынан көрсеткісі келеді, жақсы болуға тырысады. Ортасында көшбасшы болуға тұрарлық адам. Есімі не шоқ жұлдызы жазылған бір түсті күңгірт не қара кесенің қожайыны көпшіліктің кеңестері мен ортада қабылданған дәстүрлер бойынша өмір сүреді. Басқалардың қателіктерінен үйренгенді дұрыс деп санайды. Жазуы бар кесе иесі қоршаған ортасынан қорғаныс іздейді. Олардан өз қорқыныштарын жасырғысы келеді. Бұл өзін бақытты етіп көрсетудің бір амалы. Қасындағы адамдар жазуды оқып, оның "бақытты" екеніне көздері жетеді. Жарқын түсті, біртүрлі суреттері бар кесенің иесі өмірді жеңіл қабылдайды. Сәтсіздіктеріне уайымдамай, керісінше одан тәжірибе алады. Достары көп болады. Міне, енді сіз жаңа досыңыз не әріптесіңіздің мінезін жай кеседен-ақ білетін боласыз. Немесе өзіңіздің мінезіңізге басқа қырдан қарап, жаңа нәрсе ашқан боларсыз? Сіздің кесеңіз қандай?


Massaget.kz
14 шілде 2018 ж. 1 203 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930