Қарағандыда мысықтарға арналған кафе ашылды
Қарағандыда алғаш рет мысықтарға арналған кафе ашылды деп хабарлайды 24 kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мұнда келушілер тек кіру үшін ақша төлеп, ішіндегі 26 марғаумен ойнап қайту мүмкіндігін алады.
"Бізге ешкім демеушілік көрсеткен жоқ. Барлығын өз күшімізбен, өз қаражатымызға салдық. Достарым да көмектесті. Көп жылдан бері армандаған едім", - дейді мысық кафесінің ұйымдастырушысы Инна Радченко.
Бұл кафені қала тұрғындары да қуана қабылдаған.
"Балаға үлкендерге де физикалық, эмоциялық көңіл күйімізді көтеруге өте пайдалы. Қызымыз мысықты бала кезінен жақсы көреді. Сондықтан осы жерден мысық алуға дайынбыз. Кафеге келушілер ұнаған мысықты асырап алу мүмкіндігіне де ие. Мұндағы мысықтар ақысыз таратылады", -дейді қала тұрғыны Марал Ысқақова.