» » Қазақстанда сұранысқа ие автомобильдер белгілі болды

Қазақстанда сұранысқа ие автомобильдер белгілі болды


Қазақстанда әрбір екінші жаңа автомобиль сатып алушы отандық автозауыт өнімін таңдайды. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» ЗТБ Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов елімізде қандай отандық автокөліктер ең көп сұранысқа ие екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ең көп сұранысқа ие брендтер бестігін әлі күнге дейін «Лада» маркасы бастап келеді. Екінші орында - «Hundai». Ал, танымал брендтер үштігін «Kia» аяқтап отыр. Сондай-ақ, алғашқы бестікте «JAC» пен «Ravon» маркалары бар. Локальді өндірістегі ең танымал модельдер рейтингін «Lada Granta», «Lada 4*4» жол талғамайтын көлігі мен «Lada Vesta» бастады», - деді Алферов ОКҚ брифингі барысында.
Оның айтуынша, қазақстандықтар жеңілдігі бар автонесиелер бағдарламасы аясында биылғы жылдың 6 айында 2 269-дан астам автокөлік сатып алған. Қазақстанда әрбір екінші жаңа жеңіл автомобиль сатып алушы отандық автозауыт өнімін таңдайды.
«Биылғы жылдың екінші тоқсанында қазақстандық автозауыттардың өнімдеріне сұраныс артты. «ҚазАвтоӨнеркәсіптің» нарықтық үлесі 48%-ға жетті», - деп түйіндеді Олег Алферов.



25 шілде 2018 ж. 690 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930