» » Түрмелер санын қысқартудың пайдасы қандай

Түрмелер санын қысқартудың пайдасы қандай

ТүÑÐ¼ÐµÐ»ÐµÑ ÑанÑн ÒÑÑÒаÑÑÑдÑÒ£ пайдаÑÑ Òандай

ҚазАқпарат - Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов түрмелерді азайту қаншалықты тиімді екенін айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2012 жылдан бері біз 8 колонияны қысқарттық. Сонда бір жылдың ішінде 12 миллиард теңге үнемделіп отыр. Ал ол ақшаны пробацияға, қылмыстың алдын алу шараларына жұмсауға мүмкіндік бар. Сосын қоғам үшін адамның жұмыс істегені тиімді ғой. Әйтпесе, оны түрмеде ұстау үшін қыруар ақша жұмсалады. Ол жердегі дәстүрлі емес діни ағымдар да болады. Соған қосылып, түрме мәдениетін насиxаттағанша қоғамның белсінді өкілі болып, елге еңбек сіңірген жақсы емес пе? Міне, түрмелерді қысқартудың тиімді тұсы осы», - деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, қазіргі кезде Астанадағы қатаң режимдегі түрме жабылып жатыр.

Оның орнына жеңіл тәртіптегі колония ашылады. «Бұрын қатаң, орта және жеңіл режимді түрмелер болса, қазір араластырып салып жатырмыз. Мысалы, Қызылорда жақта сондай түрме ашылып отыр.

Бұрын Қызылорда маңайында тек қатаң режимді мекемелер ғана болды. Ал жеңіл жазамен сотталған жергілікті азаматтарды басқа аймақтарға жіберуге тура келді. Сол себепті аралас мекемелерді салу туралы шешім қабылданды. Сонда азаматтар өз жерінде, туған-туыстардың қасында жазасын өтейді. Аталған шаралар әлі де жалғасады», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында М.Аxметжанов 5 мың адамды түрмеден босатуға қатысты түсінік берді.

«Бүгінде әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпараттар таралуда. Ауыр қылмыс жасаған 5 мың адам шығады дейді. Олар зорлық жасаған, адам өлтірген, қарақшылық жасаған дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңалықтар шықты. Бұның барлығы шындыққа жанаспайды. Біреулер мәселенің анық-қанығына мән бермеді, енді біреулер сенсация жасаймыз деп, солай берді. Соның салдарынан қоғам ол жаңалықты дұрыс түсінбей қалды», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов. Оның айтуынша, 5 мың адамның ішінде қарақшылар, педофилдер, зорлық жасағандар, адам өлтірген басбұзарлар жоқ.


inform.kz




27 шілде 2018 ж. 473 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031