» » «Халық Банкі» банкоматтары істен шығады деген ақпаратқа банк басшылығы жауап берді

«Халық Банкі» банкоматтары істен шығады деген ақпаратқа банк басшылығы жауап берді

“Халық банк” банкоматтары ақша бермейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.


 


Банктің ресми өкілі Лариса Коковинецтің айтуынша, бұл ақпарат жалған. Қазір тек техникалық жұмыстар жүріп жатыр.

Желіде «Халық Банкі» мен «Қазком» банктері қосылатындықтан «Халық Банкі» АҚ банкоматтары ақша бермейді, банк операцияларды іске асырмайды деген сыбыс тараған еді.

«Ақпарат жалған. «Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» банкомат  желілері ақаусыз істеп тұр. Қазір екі банктің бірігуіне байланысты күрделі техникалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті де тұтынушылар мен әріптестеріміз арасында қате түсінік болуы мүмкін»,- деді Лариса Коковинец.

Техникалық жұмыстар аяқталған соң банк жұмыстары бұрынғыдай іске қосылады.

Stan.kz

27 шілде 2018 ж. 747 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 139

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930