» » Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа аттанады

Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа аттанады

âÐиÑл 3000 ÒазаÒÑÑандÑÒ ÒажÑлÑÒÒа аÑÑанадÑ


 Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа 3000 қазақстандық аттанады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сауд Арабиясы тарапынан 3000 орынға квота бөлінді. Қазақстандық қажыларды 18 компания апарады. Өтініш бергендердің қатарына 16-89 жас аралығындағы азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге барады. Бүгінгі таңда 1500-ге жуық адамның визасы дайын», - деді ҚМДБ өкілі Нұрқанат Байзақов.

Оның айтуынша, биылғы қажылықтың ерекшелігі - бірыңғай киім киетіндігінде.
«Бұрын 18 компания 18 түрлі киіммен апаратын. Енді биыл киім бір, тек киімдегі логотип қана әртүрлі болады», - деді Н.Байзақов.

Биыл қажылық сапарының құны 4400-5000 АҚШ доллары шамасында. «Қажылық сапарының құны көрсетілетін сервиске, тамаққа, қонаүйдің алыстығы мен жақындығына байланысты болады»,- деді ол.

Қажылар қасиетті орындарға отандық Scat және Сауд Арабиясының Fly Nas әуекомпанияларының ұшақтарымен жетеді. Биыл рейстер Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан ұшады. Қажылардың алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шықса, елге 1 қыркүйекке дейін оралуы тиіс.


ERNUR.KZ.

01 тамыз 2018 ж. 768 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 078

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031