» » Тал түбіне тасталған баланың ісі: Әкесі сотта жылап жіберді

Тал түбіне тасталған баланың ісі: Әкесі сотта жылап жіберді


Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Мұрат Асқароғлына қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылуда. Ер адам туған ұлының басын таспен ұрып-соқты деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мұрат Асқароғлы 5 жасар ұлының «денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрді» деп күдіктеліп отыр. Судья Марал Жарылғасова айыпталуышының жеке деректерінде бекітілген мәліметке сәйкес сот отырысын бастап кетті. Сотта күдікті ретінде танылған 1985 жылғы ер адамның Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Мұрат Асқароғлының айтуынша, ол бетон зауытында бейресми тұрде жұмыс істейді. Бұған дейін сотталмаған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктіні 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдауын сұрады. Күдіктінің өзі ол іс-әрекетіне өкінетінін айтып, сот залында жылап жіберді. Туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатуды өтінді.
Айта кетейік, кеше Алматының шығыс айналма жолынан табылған 5 жасар баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Содан кейін бұл жантүршігерлік жаңалықты естіген Мұрат Асқароғлының туыстары қайғылы оқиға орын алған жерге жиналды.


Stan.kz 

03 тамыз 2018 ж. 886 2

Гость Jeaplause от 21 ақпан 2019 11:35
Buy Now Amoxicilina Pills cialis price Clomid Effets Secondaires Duphaston Viagra Without A Pres

Гость Jeaplause от 11 наурыз 2019 12:05
Pillenpharm Viagra Strips Furosemida Tabletas Enlina Methylprednisolone Interact With Keflex generic 5mg cialis best price Cheap Viagra 100mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930