Жыртық киім, жамау шалбар – мұның бәрі бос алдаулар
Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған мәселе – жастардың, қала берді орта буынның киім кию мәдениеті. Естеріңізде болса, осыған дейін де бұл тақырыпта ойтүрткі жазған едік. Алайда, мәдениетіміз одан әрі «батыстанып» бара жатқан секілді. Мәдениетімізді, ерекшелігімізді, өзіндік бітім-болмысымызды айқындайтын ұлттық киімдеріміз қайда қалды?
Бүгінде көзіміз үйренбеген нәрсе қалмаған шығар… «Бұл не деген сұмдық» дегізетін нәрселер де үйреншікті жәйтке айналды. Олардың ішіндегі ең сорақысы – кей жастардың мәдениеттілікті жеке басынан бастауды білмеуі. Қазір кейінгі буынның арасында жыртық киім кию сәнге айналды. Бұл аса бір алаңдатушылық туғызбаса да, қазақ менталитетіне жат болғандықтан ерсі көрінеді. Ата-бабамыздың тұрмыстағы киімдерін тарихтан білгендіктен бе, одан бергі әке-шешемізден көргеніміз бе, әйтеуір ойын баласы кезімізде оқыста киіміміз жыртылып қалса, қатарластар алдында ұяттан жерге кіріп, үйге қарай безетінбіз. Қазір керісінше, бүтін шалбар кигеннің жыртық шалбарланғанның алдында «әптәритеті» төмен болып тұр. Бағасы удай тұратын осы джинсыларды сатып алуға шамасы келмегендер бүтін киімін жұлмалап жыртып киіп алады. Қысқасы, жыртық джинсылар қалай, қайда пайда болды? Жауап іздеп көрелік...
Деректерге сүйенсек, джинсы матасы алғаш пайда болған тұста оған қара жұмысшылардан сұраныс көп түскен. Төзімді әрі ыңғайлы болғандықтан, келе-келе жұмысшылардың сүйікті киіміне айналған. Дегенмен, ол шалбарларды жыртылған сайын жаңалауға шамасы келмегендіктен, олар әбден тозғанша киюді әдетке айналдырған көрінеді. Мұнан соң, 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдары субмәдениет өкілдері, панк-рокерлер өздерінің киім қорына қосқан. Осы өнер иелерінің сән үлгісінен кейін жаңашылдықты тез қабылдайтын жастар жағы жыртық шалбарға әуестене бастаған. Қызығы сол, бүгінгі жас буынның талғамынан түспей тұрған жыртық киімнің тарихы осындай.
Ал, осы тізеден жыртылған джинсы сән әлеміне қайта оралғалы жастар арасында кеңінен тарап кетті. Қалалық жер былай тұрсын, аудан, ауылдық жерде де бүтін киімді жастар кемде-кем. Кейде жанына жетіп барып жетпегенін жеткізіп, киімін тігіп бергің-ақ келеді. Енді бірде «Жаңа ғасырдың сәні ғой дейсің» іштей қынжылып. Жаңғырамыз дейміз, бірақ қалай? Ел келешектері батыстануға бейім тұрса, қазақы болмысымызды көрсетудің орнына шетелге еліктесе... Не десек те, қандай сылтау айтсақ та, бұл – бізге жат нәрсе. Мұндай еліктеудің соңы ұлттық мәдениетімізді кенжелетіп, ата дәстүрден ажыратпаса, рухани жетілуге алып бармасы анық.
Нұр НАУАН.