» » Қазақстандықтар 11 тамызда осы жылдың соңғы күн тұтылуын көре алады

Қазақстандықтар 11 тамызда осы жылдың соңғы күн тұтылуын көре алады






11 тамыз күні еліміздің бірнеше облысының тұрғындары күннің тұтылуын көре алады, ол сан бойынша осы жылдағы бесінші әрі соңғысы болмақ. Бұл жайында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Андрей Солодовник мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sputnik порталына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, күннің тұтылуы жартылай болмақ. (Ай күннің жартысын жабады).

«Күннің тұтылуы Қазақстан аумағының аз бөлігіне ғана көрінеді. Нақтырақ айтсақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары көре алады. Петропавл мен Павлодарда жақсы көрінеді, Көкшетау аздап қана тамашалайды. Астана, оңтүстік пен батыстықтарға мүлдем көрінбейді», - дейді ол.

Сонымен қатар ол 2015 жылдың 15 наурызынан бері бізде толық күн тұтылуы болмағанын жеткізді.

«11 тамыз күні жер шарының еш жерінде күн толық тұтылмайды. Барлық жерде тек жартылай ғана болады. Ең жоғарғы деңгейі Арктикада байқалуы мүмкін, Солтүстік Жер архипелагындағы аралдарда. Еуразияның солтүстік-шығысында да жақсы көрінетін болады. Біздегі күн тұтылуының жоғары фазасы0,23 құрайды. Күннің тұтылуы 15.31 басталады. Жоғары фазасы 16.14 болады», - дейді профессор.



Baq.kz

06 тамыз 2018 ж. 699 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930