» » Алматы облысында букмекерлік кеңсенің қызметкері жоғалып кетті

Алматы облысында букмекерлік кеңсенің қызметкері жоғалып кетті



Закиров Тұрғанбай есімді Қызылорданың тұрғыны Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен қарындасын іздеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Азаматтың Stan.kz сайтының тілшісіне айтуы бойынша, 27 жастағы қарындасы Мөлдір Закирова бесінші тамыздан соң достарымен де хабарласпаған. Оның туыстарына өкпелеп, қашып кетуіне де еш себеп жоқ:
“Қарындасым Қапшағай қаласында орналасқан “Олимп” деген букмекерлік кеңселердің бірінде жұмыс істейді. Ол жерде еңбектеніп жүргеніне 5-6 ай болып қалды. Өзі Қызылорданың қызы. Туыстарымен байланысын үзіп тастайтындай оларға деген ешқандай реніш, өкпесі жоқ. Бесінші тамыз күні бізге соңғы рет хабарласқан. Алтысы, жетісі күндері де ұялы телефонына қоңырау барып тұрған. Сегізінен бастап қарындасыммен хабарласа алмай жатырмыз. Соңғы рет оны кім көргенін де білмейміз. Құрбыларынан да сұрадық. Оларда Мөлдірмен бесінен кейін сөйлеспегендерін айтты”, — дейді ол.
Тұрғанбайдың айтуы бойынша, олар қарындасының Қызылорда қаласындағы бұрынғы жұмыс орнына да барған. Бірақ жергілікті қызметкерлер де Мөлдір Закирова есімді азаматшаның ол мекемеде жұмыс істемегенін айтқан.
Тұрғанбай Закиров қарындасын табу үшін бүгін немесе ертең Алматыға қарай жолға шығайын деп отыр.
Егер Закирова Мөлдірді көрген болсаңыз, төмендегі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:
8 708 216 32 92 — Тұрғанбай
8 777 662 03 76 — Балауса



Источник: Stan.kz


13 тамыз 2018 ж. 717 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30