Назарбаев кепка киіп, Ақтаудағы демалыс аймағына барды
Елбасы демалыс аймағының, жағажай мен аквапарк, қонақүй кешенінің жұмысымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев туристермен сөйлесу барысында Каспий жағасындағы демалыстың артықшылықтарын атап өтті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.Ол – қолжетімді баға, ұзақ демалыс мерзімі, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығы, үлкен қонақүй қоры екенін айтты.
«Мен Алакөлге, Балқашқа, Бурундайға бардым. Ол демалыс аймақтары отандық туризмнің дамуына үлес қосу үшін жаңа перспективалар ашуда. Біздің мақсатымыз – осы бағытты дамыту. Ақтау болашақта қазақстандық Анталия болады», – деді Назарбаев.
Демалыс аймағы маусым кезінде 140 мың адамға дейін қабыладй алады. Аумағы 5,7 гектар. Ақтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Туристік аймаққа салынға қаржы көлемі 485,2 млн теңгені құрады.
Stan.kz