» » Америка төрінде қазақ әндерін шырқаған шетелдік әнші көпті таңғалдырды

Америка төрінде қазақ әндерін шырқаған шетелдік әнші көпті таңғалдырды

Фото: NUR.KZ.

Америка төрінде қазақ әндерін шырқаған шетелдік әнші көпті таңғалдырды

АҚШ-тағы Бостон қаласының ортасында қазақ әндерін шырқаған американдық жігіт шетелде жүрген қазақстандықтарды таңғалдырды. Ол ұлттық әндермен бірге Абай өлеңдерін де орындаған деп жазады NUR.KZ.
Ақжол Құралбай арнайы бағдарлама аясында Америкаға жұмыс істеуге кетіп қалған. Бөтен елде қыдырып жүріп, қазақ әндерән естіген ол қатты таңғалған.
"Қара нәсілді жігіт керемет әуендерді шырқап тұрды. Досым екеуміз қасына барып тұрғанымызда, ол біздің қазақ тілде сөйлеп жатқанымызды аңғарып қалып, өзіне қарай шақырды.Ол сыпайы түрде бізден Қазақстаннансыңдарма деп сұрады. Біз аң-таң болып қалдық. Бұл жерде қазақ тілін білмек түгіл, бізді өзге азиаттардан ажырата алатындар өте аз.Әнші жігіт біздің елге өте үлкен қызығушылық білдіретінін түсіндік. Айтуынша, ол қазақ мәдениетін ұзақ уақыт бойы зерттеп келе жатыр", - деп айтты Ақжол.
Анықталғандай, қара нәсілді жігіт бұған дейін бір қазақпен танысқанында, ол оған ұлттық әндерді тыңдатқан. Сол сәттен бері әншінің қазақ ұлтынап деген қызығушылығы арта түскен.
"Ол бізге қазақ әндерінің ерекшелігін айта кетіп, біздің мәдениетіміз жайлы көп нәрсе білгісі келетінін айтты. Оған қоса, әнұран мен Абай әндерін орындағанда біз мүлдем таңғалдық.Оның сезімге беріле айтқан әндері мені бір сәтке туған жеріме апарып тастағандай болды. Әнші болашақта Қазақстанда болып, бәрін өз көзімен көргісі келетінін жеткізді", - деп айтты қазақстандық.

NUR.KZ
14 тамыз 2018 ж. 816 0