» » Алматы облысында салық төлемеген байлардың қымбат көліктері тәркіленді

Алматы облысында салық төлемеген байлардың қымбат көліктері тәркіленді

Скриншот "Алматы" арнасынан алынды

Алматы облысында салық төлемеген байлардың қымбат көліктері тәркіленді

Алматы облысында көлік салығын төлемеген байлардың көліктері жаппай тәркіленіп жатыр. Сот орындаушыларының сот үкіміне селқос қарайтындарға мұндай қатаң жаза қолданбасқа амалы қалмаған деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Темір тұлпар салығын өтемеген облыстағы борышкерлердің қарызы 2 млрд теңгеге жуықтаған. Оның 87 миллионға жуығы – Талғар ауданындағы жеке тұлғалардың берешегі.
Сот орындаушылары талайдан бері соңынан таппай жүрген темір тұлпар иесін бүгін полицейлер тоқтатты. Борышкер 2 жылдан бері салықшыларды зар қақсатып, мемлекет алдындағы берешегін бермеген. Осы аралықта қымбат көлігінің салығы күн санап өсіп, 590 мыңға бір-ақ жетіпті.
Салығын төлемей жүрген азаматтан: «Не себепті салық төлемей жүрсіз?» деп сұраған тілшілер сауалына ол: «Қазір уақытым жоқ, әрқашан жұмыста боламын, әйтпесе төлейін-ақ деп жүрген едім, салық төлейтін жағдайым жоқ емес, бар» деп жауап берді.
Уақытының жоқтығын сылтау етіп, салықтан жалтарған азаматқа тиісті орган өкілдері қарызынан дереу құтылмаса, шекара асып, шет елге де шыға алмайтынын тағы есіне салды. Өз кінәсін түсінген борышкер көлігін тәркілемеуді өтінді.
Сот үкіміне селқос қарағандар көліктері тәркіленгенде ғана бармақ тістеп қалды. Борышкерлер жылдар бойы елемеген ескертуге бірден құлақ асып, қарызынан құтылудың қамына кірісетін көрінеді. Әйтпесе, сот орындаушыларының айып тұрағына жөнелткен көлікті 10 күннен соң аукционға шығарып саудалауға құзыры бар.
Арнайы электронды база арқылы сатылымға шыққан көлік қымбатқа бағаланса, борышкердің қарызы сол ақшадан толық өтеледі. Ал қалған бөлігі иесінің қолына қайтарылады.
Бүгінде Талғар ауданы бойынша 6 мыңнан астам жеке тұлға көлік салығын төлемеген. Олардың қазынаға қарызы 87 миллион теңгеден асып отыр.
Салықтан жалтаратындардың дені қозғалтқыш көлемі үлкен темір тұлпар тақымдайтын «байлар» екен. Борышкерлер берешегін өтемеуін түрлі сылтаумен байланыстыратын көрінеді.
Сөйтіп жүріп, кей тұрғындардың қарызы 4 млн теңгеге бірақ жетіпті.
«Талғар ауданының тұрғыны, Жанпейісов деген азаматтың бүгінгі күнде 4,5 млн теңгеге жуық қарызы бар. Қазір оның барлық мүлкіне шектеу қойылған. Бірақ шеттеу қойылғанымен, оның еш мүлкі жоқ. Шетелге шықпауға да шектеу қойылған. Бірақ сот орындаушылар одан салық өндіре алмай отыр, өйткені оның атында ешқандай жылжымайтын мүлкі жоқ», – деді Алматы облысы Талғар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Жанат Бүркітов.
Сот орындаушылары борышкердің берешегін өндіргені үшін салықтан жалтарғандардан 25 пайызға дейін еңбекақы алады. Ол берешек көлеміне байланысты өндіріледі. Сондықтан тиісті орган өкілдері салықты кешіктірмей төлеуді сұрап отыр.

NUR.KZ.

14 тамыз 2018 ж. 629 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031