» » Қазақстанның құрметті азаматы атану қанша тұрады?

Қазақстанның құрметті азаматы атану қанша тұрады?

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÒÒ±ÑмеÑÑÑ Ð°Ð·Ð°Ð¼Ð°ÑÑ Ð°ÑÐ°Ð½Ñ ÒанÑа ÑÒ±ÑадÑ?

Қазақстанның құрметті азаматы атануды ақшаға да сатып алуға болады екен. Бұл лауазым шамамен екі миллион теңге тұрады. Сонымен қатар құрметті азамат атанғысы келетін үміткерлерге қойылатын талап та көп емес. Олар тек 30 жасқа толулары керек.

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Шығармашылық агенттіктің жетекшісі Ғалия үшін жаңа жұмыс аптасы өте жағымды жаңалықпен басталды. Ғалия Тоқареваның поштасына еліміздің экономикасына және мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқаны үшін «Қазақстанның құрметті азаматы» атандыңыз деген хат келді.  Алайда, бірнеше жолдарды оқығаннан кейін Ғалияның көңілі түсіп қалды. Сөйтсе, кәсіпкер әйелге ол орденді алу үшін 1 миллион 750 мың теңге төлеу керек екен.
«Хаттың басында «Қоғамдық марапаттар» ЖШС деп жазылған. Комитет халықаралық іріктеу комитеті деп аталады. Яғни, меніңше олар Қазақстанның беделді азаматтары болатын адамдарды іздеп, солармен жұмыс істейді. Менің ойымша бұл қандай да бір бизнес»,-дейді шығармашылық агенттіктің директоры Ғалия Тоқарева.
Марапаттарды сататын компанияның сайты айтарлықтай патриотты көрінеді. Сайтта ұлттық ою-өрнектер және кәсіпорынға елеулі мән беретін Астананың суреттері де орнастырылған. Олар  «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын алушыларға қол сағат және кездік сыйлайды екен. Негізгі шарты – сатып алушы 30 жасқа толу керек.
Ғалия Тоқарева сайтта көрсетілген мекен-жайға хабарласқанда оған марапаттың ешқандай артықшылық бермейтінін ескерткен.
Ал, осындай іс-шаралар Астанада жылына бір рет өтетін көрінеді. Сондай-ақ, қандай да бір атақ алуды қалайтындардың да саны аз емес. Ал, қоғам белсенділері барлық марапаттардың, оның ішінде мемлекеттік марапаттың беделі күннен-күнге төмендеп кеткенін айтты. Өйткені олардың көбі лайықты адамдарға берілмейді.
«Егер адам алдануды қаласа және атақты ақшаға сатып алғысы келсе, онда олар бір-біріне лайық. Яғни, оған қандай да бір атақты қолмен жазып беріп, куәлік жасай салады. Ал, атаққа құмар  сатып алушы өз кезегінде құжат үшін ақша төлейді. Осылай екі жақта разы болады»,-дейді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.
Дегенмен, мұндай марапаттарды ұйымдастыру және иелену заң бұзушылыққа жатпайды, яғни мұндай компаниялардың қызметі заңды болып табылады.


Stan.kz

15 тамыз 2018 ж. 968 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930