» » Кәсіпкер Ресейде 48 жолаушыны құтқарған семейлікке 1 млн теңге берді Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады.

Кәсіпкер Ресейде 48 жолаушыны құтқарған семейлікке 1 млн теңге берді Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады.

Ержан адамдарды өрттен құтқарып жатқанда өзінің көлік алуға деген ақшасы мен құжаттары жанып кеткен еді.


Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Семей-Новосібір» бағытындағы өртенген автобустан 48 жолаушыны құтқарған Ержан Амархановпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, тамыздың 4-інен 5-іне қараған түні «Семей - Новосібір» бағытындағы жолаушылар автобусы өртке оранған болатын. Сол автобуста отырған 37 жастағы семейлік Ержан тілсіз жаудан 48 жолаушыны жалғыз өзі құтқарды. Ол адамдарды сыртқа шығарып, жанталасып жүргенде оның құжаттары мен көлік сатып алу үшін алып шаққан 1,4 млн теңгеден астам ақшасы жанып кетті. Қала басшысы бейбіт күннің батырын жеке қабылдады. Ермак Бидахметұлы азаматтық, ерлік танытқан үшін Ержанға ризашылығын білдірді. «Саған азаматтық көрсеткенің үшін алғыс айтамын. Нағыз ер жігітке тән қасиет таныттың.

Кез-келген адам өз басын қатерге тігіп, ерлік жасай бермейді», - деді қала әкімі. Қазіргі уақыттта жанып кеткен барлық құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Новосібір қаласынан көлік алуға деп жинаған қомақты қаржысының жанып кетуіне байланысты, жергілікті кәсіпкер «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев 1 миллион теңге берді. Қала әкімі Ермак Сәлімов оның жеке өмірі, отбасы туралы біліп, жергілік билік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бүгінде Ержан бос уақытында жас спортшыларды күреске жаттықтырумен айналысады. Бұл бағыттағы жұмыстарына алдағы уақыттта Ермак Бидахметұлы қолдау білдіретінін айтты.

ERNUR.KZ



15 тамыз 2018 ж. 821 2

Гость Jeaplause от 28 ақпан 2019 18:41
Amoxil Dosage For Cats Acquisto Cialis Per Posta Cialis 5mg Achat viagra Priligy Price Uk Propecia Telefonica Overnight Online Doryx Website Cod Cheapeast Without A Script

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 19:17
Keppra viagra online pharmacy Discount Fedex Amoxicilina Ospamox Get In Internet

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30