» » Таңғы ас ішудің пайдасы анықталды

Таңғы ас ішудің пайдасы анықталды

Ұлыбританиядағы Бата университетінің зерттеушілері жаттығу алдында таңғы ас ішу көмірсулардың ыдырауына және физикалық белсенділіктен кейін тұтынған тамақтың тез сіңуіне көмектеседі дейді. Бұл туралы HealthXpress баспасөз хабарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.





Зерттеуге таңғы ас ішіп жүрген немесе жаттығу алдында мүлде тамақтанбаған денсаулығында кінәрат жоқ 12 ер адам қатысты. Таңғы ас пен дене белсенділігі арасындағы уақыт аралығы екі сағатты құрады. Тәжірибе барысында қатысушылар таңғы астан кейін үш сағат демалды. Зерттеудің соңында тәжірибеге қатысушылардың қанындағы глюкоза деңгейі мен бұлшық еттегі гликоген өлшенді.

Нәтижесінде, таңғы астың жаттығу кезінде бұлшық еттердегі гликоген түрінде сақталатын көмірсуларды жылдам ыдыратуға көмектесетіні анықталды. Сондай-ақ, қандағы қант деңгейінің төмендегені байқалды.
Сонымен қатар, физикалық белсенділікке дейін тамақтану жаттығудан кейін тұтынылатын тағамды жылдам қорытуға көмектеседі.


Stan.kz
16 тамыз 2018 ж. 1 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930