» » «Туған елге саяхат»: 200 бала туристік пойызбен Қазақстанды аралайды

«Туған елге саяхат»: 200 бала туристік пойызбен Қазақстанды аралайды


Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен «Туған елге саяхат» жобасының үшінші туры басталды. 12 мен 15 жас аралығындағы балалар 15 тамыз бен 23 тамыз аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана бағыты бойынша пойызбен саяхатқа шығады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

15 тамызда жобаға қатысатын 200 бала Астанада бас қосты. Олар 16 тамыз күні «Нұр Әлем» сферасы мен «Бәйтерек» монументіне экскурсия жасады. 2017 жылы өткен көрмені тамашалай алмаса да, одан қалған әйгілі «шар» - Қазақстан павильонына кірді. Ол жерде болашақ энергиясына қатысты әртүрлі тақырыптағы экспонаттар мен стендтерді, лазерлік шоуларды көріп, қыркүйекке дейін жалғасатын «Робополис» көрмесін тамашалады.

Жыл сайын «Туған елге саяхат» жобасымен «Самұрық-Қазына» ҰӘА қоры қызметкерлерінің балалары саяхаттайды. Сондай-ақ, биыл ұйымдастырылған шығармашылық байқау арқылы еліміздің түкпір-түкпірінен 90 бала іріктелді. Байқау шарты бойынша 12 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары pr@sk-trust.kz. электрондық поштасына «Мен өз өңірімде нені өзгертетін едім?» тақырыбында шығарма, бейнеролик немесе өлең жазу арқылы қатысты.

Қатысушылар арасында жазған шығармасы арқылы үздік деп танылып, жобаның үшінші кезеңіне өткен тараздық Тоғжан Асылханова Алматы мен Алакөлді өз көзімен көруді қатты қалайтынын айтты.

«Мен Тараз қаласынанмын. Жасым 15-те. Биыл 10-сыныпқа өттім. Бұл жобаға шығармашылық байқауына қатысу арқылы келіп отырмын. Бізге «Мен өз өңірімде нені өзгертетін едім?» тақырыбы берілген болатын. Өз аймағымдағы бұқаралық, қоғамдық мәселелерді көтердім. Бізге жақсы экскурсиялар ұйымдастырып жатыр. Барлығы бес қалаға пойызбен саяхаттаймыз, Алматы мен Алакөлге баруға асығып жүрмін. Ол жақта тау бар, табиғаты керемет», - деді қатысушы.

Сапар бойы балалардың жанында аниматор, тәлімгер және мұғалімдерден басқа, ҚР тарихи және көрікті жерлерімен таныстырып отыратын тарихшылар да жүреді.

Әр турдың қатысушылары арнайы отрядтарға бөлінеді. Барлық тур барысында балаларға аниматор, тәлімгер және мұғалімдер ағылшын тілі, сурет, шахмат, биден сабақ береді. Жоба соңында көзге түскен оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталады.
Жоба балалардың бойында қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятып, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін танып, білуге, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

200 баладан тұратын «Туған елге саяхат» пойызы 16 шілде күні сағат 18.00-де «Нұрлы Жол» вокзалынан алғашқы сапарға аттанады.

Видео: Нұржас Жақсыбай




baq.kz


16 тамыз 2018 ж. 1 178 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031