100 пайыз: Талдықорғанда бір мектептің түлектері түгелдей грантқа түсті
Талдықорған қаласындағы бір мектебінің түлектері түгелдей білім беру грантын иеленіп, оқуға түсті. Осылайша, түлектері түгелдей грантқа түскен лицей 100% нәтижеге қол жеткізген Алматы облысындағы жалғыз оқу орны атанды.
Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Мұхтар Арын атындағы лицей түлектері мұғалімдерімен қоштасу үшін мектепке келді. Жақында олардың бірі Астанаға, екіншісі Алматыға, тағы басқалары білім қуып жан-жанқа кетеді. Оларды енді алда студенттік өмір күтіп тұр. Осы лицейдің түлегі Әліби Қазиев ҰБТ-дан 112 балл жинап, грантқа түсті.
Жас түлек өзінің біліміне ешқашан күмән келтірген емес. Бүгінде ол елдің ең үздік түлектерінің бірі. Әліби биология бойынша өткен республикалық пән олимпиадасында екінші орынды иеленді. Ол болашақ мамандығын таңдап та қойған, дарынды жігіт микробиолог ғалым болуды армандайды.
«Биология – бұл болашақтың мамандығы. Барлығы генетика, діңгек жасушалары, рак клеткаларына тікелей байланысты. Егер оның құпиясын түсініп немесе оны зерттесе, онда ұзақ өмірдің құпияларын ашуға болады. Мен адамдардың ұзақ өмір сүргенін, аурудың аз болғанын қалаймын. Сондықтан жастықтың эликсирін ойлап тапқым келеді»,-дейді №24 лицедің түлегі Әліби Қазиев.
Мектеп бітіруші түлектердің 27-сі де грант иегерлері атанды. Олардың көпшілігі техникалық жоғары оқу орындарын таңдады. Түгелдей грантқа оқуға түскен түлектердің лицейі 100% нәтижеге қол жеткізген өңірдегі жалғыз оқу орны болды. Балалар бұл жетістікке мұғалімдердің арқасында жеткендерін айтады. Сондай-ақ, олар биылғы жылы техникалық мамандықтарға көп орын бөлінгеніне қуанышты.
«Менің ойымша, бұл бұған дейін оқуға түсе алмаған балалар үшін тамаша мүмкіндік. Грант иегерлері атанған бұл балалар жақсы оқып, білікті маман бола алады»,-дейді №24 лицейдің түлегі Надир Жамантай.
Түлектердің ЖОО-ның грантына 100% түсуі тек мектептің ғана жетістігі емес. «Алтын белгіге» үміркер барлық 5 түлек пен арнайы аттестат алған 8 бала да өз білімдерін дәделдеп, ерекше белгілерін қорғайп шықты. Сонымен қатар, республикалық пәндік олимпиадада лицей оқушылары 8 медаль жеңіп алып, аймақтағы үздік олимпиадалық команда деп танылды.
«Көптілділікке көп көңіл бөлеміз. Яғни, бұл дегеніміз физика, химия, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту. Екі жыл бойы бізде сынақ болды. Ал биылғы жылы сертификат алдық және мұғалімдер 8 сыныптан бастап көптілділік енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр»,-деді №24 лицейдің директоры Мария Галиева.
Жаңа оқу жылында мектеп командасы кем дегенде, өткен жылдың жетістіктерін қайталауға үміттенеді. Және бұл үшін барлық алғышарттар бар.
Stan.kz
Пікір 2