» » Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ÐÒ±ÑÑÐ°Ñ ÓблÑзов

ҚР Бас прокуратурасы қашқында жүрген Мұхтар Әблязовты банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп күдіктеп отыр, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

31 шілдеде Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдары және франциялық басылым арқылы Әблязовты Астанаға тергеуге шақырғанеді. Алайда оның өзі де, қорғаушысы да тергеуге келмеген.
“Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде а.ж. 17 тамызында Мұхтар Әблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  28-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен ұйымдастырушы), 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша сараланды”, – делінеді хабарламада.
Әблязов Мұратхан Тоқмәдимен бірлесе отырып, «Тұран Әлем банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің өлімін пайдакүнемдік ниетпен қасақана ұйымдастырды деп күдіктелуде.
Ендігі ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.
Stan.kz 






19 тамыз 2018 ж. 747 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031