Қазақстанның Әскери-теңіз күштері 25 жылдығын атап өтті
Биыл Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне 25 жыл толды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Әскери-теңіз күштері 1993 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды, ал 1996 жылғы 17 тамызда Ақтауда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның әскери-теңіз жалауы көтерілді. Корабльде көтерілген әскери-теңіз жалауы корабльдің жауынгерлік туы болып табылады. Бұл күн Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік құрамдасының пайда болуын білдіреді. Аталмыш оқиғаны әскери теңізшілер ҚР ҚК ӘТК құрамалары мен әскери бөлімдері жеке құрамының жауынгерлік машығы элементтерін паш ете отырып, корабльдердің парадын өткізе отырып, салтанатты түрде атап өтеді.

Әскери-теңіз күштерінің барлық бөлімшелерінде мерейтойға арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараларға Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шақырылған меймандар қатысты. Бұл атаулы күні үздік әскери қызметшілерге грамоталар табыс етілді.
«Әскери-теңіз күштері мемлекеттік шекараның, аумақтық тұтастықтың, егемендіктің, Каспйи теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қорғау үшін арналған ҚР Қарулы Күштерінің түрі болып табылады», - делінген хабарламада.
Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары ішінде Әскери-теңіз күштері қажетті тәжірибе жинақтап, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде өздерінің жауынгерлік машықтарын шыңдауды жалғастырып келеді.