» » Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Астанада өзін атып өлтірген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

ÐÑÑанада өзÑн аÑÑп өлÑÑÑген каÑе иеÑÑнÑÒ£ ÒÑÐ·Ñ Ð¾ÒиÒанÑÒ£ мÓн-жайÑн баÑндап беÑдÑ

16 тамызда өзін атып өлтірген кафе қожайыны Майор Авазов Рашидоғлының қызы әкесінің өліміне себепші  болған жол бойындағы ғимаратты бұзуға қатысты оқиғаның мән-жайын баяндап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тұнзала Рашидлидің әкесі бейсенбі күні, 16 тамызда өзін қарумен атып өлтірді. Оқиға сот орындаушы мен полиция қызметкерлері кафеге ғимаратты бұзу туралы сот шешімімен келгенде орын алды.
«Карабах» шағын кафесі Астананың маңында Қарағанды мен Павлодар бағытындағы жол бойында орналасқан. Өзін атып өлтірген 60 жастағы кафе иесі Авазов Рашидоғлы оны 2010 жылы тұрғызған. Марқұмның қызының айтуынша, оның әкесі кафе салынған жерді жалға алған.

ÐÑÑанада өзÑн аÑÑп өлÑÑÑген каÑе иеÑÑнÑÒ£ ÒÑÐ·Ñ Ð¾ÒиÒанÑÒ£ мÓн-жайÑн баÑндап беÑдÑ

«Бұл жер 2015 жылға дейін бір компанияға тиесілі болды. Біз бұл жерді 2020 жылға дейін жалға алдық. Жер теліміне қатысты барлық құжаттар мен келісімшарт бар. Біз заң бойынша барлық салықты да төледік. Бірақ 2015 жылы компаниядан бұл жерді тәркілеген, ал ол туралы бізге ешкім ештеңе айтпаған. Сол уақытта ғимарат салынып қойған. Әкем бұл кафені өзі салды. Біз мұнда көліктерімен осы жерден өтетін адамдарды тамақтандырдық. Оған қоса әкем, анам, үшейміз де  осында тұрдық», – деді Тұнзала Рашидли.

ÐÑÑанада өзÑн аÑÑп өлÑÑÑген каÑе иеÑÑнÑÒ£ ÒÑÐ·Ñ Ð¾ÒиÒанÑÒ£ мÓн-жайÑн баÑндап беÑдÑ

Марқұмның қызы әкесінің өзіне қол салғанын біраз уақыттан кейін, техника ғимаратты бұза бастаған кезде білген. Сондай-ақ, ол кафені босатуылары керек екенін де білгендерін айтты.
Оның сөзінше, прокуратура оларға барлық заттарын алып, кафені босатуға 10 қыркүйекке дейін уақыт берген. Алайда, белгілі болғандай аталған дәмхана осы аптада бұзылуға кеткен.
Қыздың әкесі Астана қаласы Әділет басқармасының сот орындаушысы ғимаратты бұзу үшін келгенде кефесінен 100 метр жердегі орман алқабында өзіне қол салды. Енді марқұмның мәйіті туған жеріне жеткізіліп, Әзербайжанда жерленеді.

ÐÑÑанада өзÑн аÑÑп өлÑÑÑген каÑе иеÑÑнÑÒ£ ÒÑÐ·Ñ Ð¾ÒиÒанÑÒ£ мÓн-жайÑн баÑндап беÑдÑ

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада кафені бұзу кезінде оның қожайынының өзін атып өлтіргені туралы хабарлаған болатынбыз.


Stan.kz

20 тамыз 2018 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930