ереже бұзғанға шара көріледі
Қызылорда облысында күннің қатты ыстығына орай көптеген демалушылар ыстықтан қашып суға түсуге арналмаған өзендерде, көлдерде, немесе каналдарда демалады. Өзіне-өзі сенімді демалып жатқан адамдарды құтқарушылардың судағы қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы ескертулері де, ескерту стендтері де тоқтатпайды. Қазіргі таңда облыс көлемінде су айдындарындағы зардап шегушілердің жай-күйі қатты алаңдатуда. Су айдындарындағы адамдардың өлімінің статистикасы қайғылы оқиғалардың басты себебі, суда болу кезінде қарапайым қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын бұзу болып табылатынын көрсетеді. Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар екенін көрсетуде.
Қызылорда облысының су айдындарында шомылу маусымы басталғалы 12 адам судың құрбаны болған. Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы өлімі фактісін алдын алу және болдырмау мақсатында аудандық ТЖБ, №6 ӨСБ және Жергілікті полиция қызметі арасында бірлескен өзара әрекеттесіп жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, қызметкерлер аудан аумағында орналасқан жазғы сауықтыру лагерлерінде балалармен жазғы уақытта суда шомылудың қауіпсіздік шаралары туралы жиындар жиі өткізілуде.
Аудандық ТЖБ, №6 ӨСБ және Жергілікті полиция қызметімен күнделікті 18.00-ден 21.00-ге дейін өзендер мен көлдерге үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Осыған қарамастан азаматтар белгіленбеген, суға шомылуға қауіпті орындарға суға түсуде. Бұл ретте суға түсуге арналмаған, бейімделмеген орындарда суға түсу фактілері анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК 364-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылатынын ескертеміз.
Д.Шакен,
аудандық төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау майоры.