Ерке Есмахан Меккеде өз атынан құрбандық шалынғанын айтып, мақтанды
Әнші Ерке Есмахан Меккеде өз атынан құрбандық шалғанын айтып, мақтанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген деп жазады NUR.KZ.
Эстрада жұлдызының айтуынша, туған ағасы Меккеге осымен 8-ші рет қатарынан барып, әншінің атынан құрбандық шалып жатыр екен.
"Қасиетті Құрбан Айт баршаңызға құтты болсын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Жаратқан бәріңізге әрқашан да денсаулық берсін! Отбасыларыңыздан береке кетпесін! Ел аман, әр қазақ дәулетті болсын! Дәл қазір Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан және қызмет бабымен 8-ші рет Меккеде сапарда жүрген туған ағам Бауыржан менің атымнан құрбандық шалып жатыр екен. Дүйім жұрттың алдында Муслим екеуміз ағамызға алғысымызды осы жерде білдіргіміз келеді! Қабыл болсын!", - деп жазған әнші.
Желі қолданушылары болса "Қабыл болсын", "Айт құтты болсын" деген пікірлерін жаудырып тастаған. Сонымен бірге, пікір қалдырушылардың арасында өнер иесінің ұзын көйлек пен орамал киіп түскен образы ұнап қалыпты.
Олардың бірі "Орамал әдемі жарасады екен", "Осы образда жүріңіз" деп жатса, енді бірі "Біресе ашық-шашық киінесіз, біресе хиджаб киесіз, нақты қай образ ұнайды, соны анықтап алсаңызшы" деп сынға алған.
nur.kz
Пікір 2