» » Астанадағы ішіне су толған автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

Астанадағы ішіне су толған автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді



Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов су басқан көшемен жүріп өткен автобус жүргізушісі қазіргі уақытта жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз Момышүлы көшесіндегі проблема жайында хабардармыз. Ақбұлақта тазалау нысандарының су жинау көлемі шамамен 2 мың гектар. Егер, қаланы жақсы білсеңіздер, онда су келуі Абылай даңғылынан, «Юго-Восток» ауданының оң және сол жағы, Қошқарбаев, Тәуелсіздік, Жұмабаев пен Тоқпанов көшелерінен басталады. Дәл осы жауын жауған күні барлық ағынды су диаметрі 1000 мм үш коллекторға келіп түсті. Яғни, ол бірден барлық суды қабылдап үлгермейді. Мәселе осыда», - деді Айтмұхаметов.

Ол бұл жобаға түзетулер енгізіп, қазір сараптамаға жолданғанын айтты.

«Келесі жылы біз бұл коллекторды ауыстырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан, проблеманы да жоямыз деп сенеміз», - деді ол.

Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Момышұлы даңғылында ағынды су жиналған кезде жүргізушілерге сәйкес ескерту жасалғаны туралы мәлімдеді.

«Біз көшені су басқан уақыттан бастап айналып өту белгілерін қойдық, жол полициясы қызметкерлері жұмыс жасап, айналып өту жолдарын көрсетіп тұрды. Желідегі барлық бағдарлы қоғамдық көліктерге де ескерту жасалды. Сол сияқты, автобус жүргізушісіне де аталған көшені су басып жатқаны туралы хабарланды. Алайда ол тыңдамаған. Қазіргі уақытта мән-жай анықталғанға дейін жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Себебі, ол адамдардың өміріне қауіп төндірді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Еске сала кетсек, соңғы екі күні бойы елордада үздіксіз жауған жауын салдарынан Астанадағы бірқатар көшелерде су жиналып, көлік қозғалысына қолайсыздық тудырды. Әлеуметтік желіде ішіне су толған автобустың видеосы кеңінен таралған болатын. Қала әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, екі күннің ішінде Астанада бір айлық нормадан 1,5 есе көп жауын-шашын жауған.



Baq.kz
23 тамыз 2018 ж. 898 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30