» » Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)

Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)

ÐоловкиннÑÒ£ ÑÑÑеÑÑ. ФоÑо: ÐÑманнÑÒ£ жеке мұÑаÒаÑÑ

Орал тұрғыны Думан Ілиясов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суреті бейнеленген шаш үлгісін ойлап тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

17 жастағы жігіт Құрманғазы атындағы музыкалық колледжді тәмамдаған.
"Өзім суретшімін, сурет салғанды ұнатамын. Салонда жұмыс істеп жатқаныма бір жарым жыл болды. Мен тек шетелдіктер ғана емес, отандық шеберлер де ерекше шаш үлгісін жасай алатынын дәлелдегім келді.
Сонымен қатар, біздің Генаға қолдау көрсеткім келді. Бұл менің алғашқы туындым. Сол себепті, қатты сынамауларыңызды сұраймын. Келесі жолы жақсырақ болады деп ойлаймын", - дейді Думан.
Шаштаразшы мұндай шаш үлгісі он мың теңге тұратынын және оны жасатуға төрт сағат кететінін айтуда.
"Бұл шаш үлгісін досым Азаматқа жасап бердім. Ол бала кезінен спортпен шұғылданады және Головкиннің жанкүйері", - деп жалғастырды Ілиясов.
Геннадий Головкинді аңыз адам деп санайтын жігіт онымен бір рет жүздескенді армандайды.

Алтын Нығманның материалынан аударылды.

https://kaz.nur.kz
24 тамыз 2018 ж. 632 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30