» » Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді қысқартады

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді қысқартады

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Ол үшін мемлекеттік қызметкерлер қысқартуға ұшырайды, деп хабарлайды Қазақпарат.



Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметкелердің жалақысын көтеру керек. Соған байланысты кей мекемелерде қысқарту жүреді. », – деді Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында өткен жиында.

Шпекбаевтың айтуынша, барлық кәсіпорындардың қызмет формасын өзгертіп, мемлекет қаражатын үнемдеуге болады. Осылайша өзге қызметкерлердің жалақасын көтеру жолы бар.

«Мәселен, Астандағы балалар үйін алайық. Біз оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасын өзгерттік. Бұрын коммуналдық мемлекеттік мекеме болса, қазір коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде мықты менеджерлер келді. Нағыз патриоттар екен. Қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Бұған дейін минималды жалақы 33 мың теңге болды. Бүгінде 120 мыңға дейін көтерілді. Ал басшылардың жалақысы 120 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін өсті. Осының өзі бюджетті дұрыс басқару арқылы біраз нәрсені өзгертуге болатынын көрсетіп отыр. Ондай тәжірибені кеңінен таратуымыз қажет», – деп атап көрсетті Шпекбаев.
Бұған дейін елорда әкімі Әсет Исекешов мемлекеттік қызметкерлеге 1 млн теңге көлемінде тұрғын үйге куәлік берілетінін мәлімдеген еді.

Stan.kz

28 тамыз 2018 ж. 613 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930