» » Халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азаматқа кітап сыйланды

Халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азаматқа кітап сыйланды

Конституцияның 23 жылдығына орай әрбір 23-ші қызмет алушыға сыйлық жасалды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мерекелік іс-шара өтті. Ата заңымыздың 23 жылдығына орай халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азамат сыйлыққа кітап алды.Сәтті кезек иелері 100-ге жуық кітаптың ішінен өзіне қызықтысын таңдап алу құқығына ие болды. Оның ішінде саяси-қоғамдық, тарихи кітаптармен қатар, әр кітапхананың төрінен орын алған туындылар - Елбасының кітаптары да болды.«Біз әр қызмет алушының көңілінен шығатындай түрлі тақырыптағы кітаптарды жинадық. Кітапқұмар қауымның қатарында жастарымыздың көптігі қуантады. Кітап – қай кезде де құнды сыйлық болып қала бермек», деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.
egemen.kz
01 қыркүйек 2018 ж. 844 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30