Ақмола облысында көлікті сүйреп жүрген 6 жасар бала жұртты таңдай қақтырды (видео)
Ақмола облысының Қажымұқан аулында 6 жасар Бекмансұр рекорд орнатты. Ол жеңіл көлікті 20 метр қашықтыққа сүйреп апарды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бекмансұрдың көлікті сүйреп бара жатқан сәтінің видеосын Facebookжелісінде жариялаған Әмір Махмет есімді қолданушы онымен мақтанатынын айтты.«Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе. Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздай балуан бол!» – деп жазды ол.
Өз кезегінде желі қолданушылары 6 жасар баланың қабілетіне таңдай қағып, болашағы жарқын болуын тілесіп жатыр.
Stan.kz
Пікір 2