» » Ұлттық банк «Сүйінші» монетасын шығарды

Ұлттық банк «Сүйінші» монетасын шығарды



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған және номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған «Сүйінші» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сүйінші – қуанышты жаңалық. Қуанышты хабар жеткізген адамға «қалағаныңды ал» деп айтады немесе бір сыйлық береді. «Сүйінші» деген сөзді айтқанда кез келген адам жақсы хабар жеткізілетінін біледі», -делінген Банк таратқан мәліметте.
Монеталардың бет жағындағы орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан күміс монетада «500», мельхиор қоспасынан жасалған монетада «100» деген сан, сондай-ақ «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.
Монеталар - 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана. Ал - МН 25 мельхиор қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, дайындау сапасы - «brilliant uncirculated», таралымы – 30 мың дана.
Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.
Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтында «Ұлттық валюта» деген бөлімде Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.
12 қыркүйек 2018 ж. 835 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031