2019 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болады
Қазақстанда Жаңа жылдан бастап зейнетақының орташа мөлшері 5728 теңгеге артып, 87 мың теңгені құрайды. Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов ұсынған мәліметке сүйенсек, зейнетақы мен жәрдемақыны инфляция деңгейіне қарап индекстейді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Айта кететін жайт, үш жылдық бюджетте әлеуметтік блоктың шығындары 15,4 триллион теңгені құрайды.
“Келесі жылға 4,7 триллион теңге немесе жалпы шығынның 44,1 пайызын саламыз. Әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке 9,5 триллион теңге бөлінді, оның ішінде 2019 жылы 3 триллион теңге”, – деді Шолпанқұлов.
Ақшаның басым бөлігі әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.
Бұдан бөлек, келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері де өзгереді. 2019 жылы орташа зейнетақы 27 732 көлемінде болады.
Сондай-ақ, терроризммен күреске алдағы үш жылға 42,8 миллиард теңге бөлінді.
Stan.kz
Пікір 2