» » Қазақстанда чипті жаңа техникалық құжат пайда болады

Қазақстанда чипті жаңа техникалық құжат пайда болады

ÒазаÒÑÑанда ÑипÑÑ Ð¶Ð°Ò£Ð° ÑеÑникалÑÒ ÒÒ±Ð¶Ð°Ñ Ð¿Ð°Ð¹Ð´Ð° боладÑ

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда чипті жаңа техникалық құжат енгізу жоспарлануда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Электрондық үкіметтің парақшасында ҚР Ішкі істер министрінің «Көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы жарияланды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін дайындалып, берілген көлік құралын тіркеу туралы куәліктердің көлікті қайта тіркеуге дейін жарамды болатыны бекітіледі.
Жаңа техникалық куәлік 2019 жылдың қаңтар айынан бастап беріледі. Техникалық құжаттың көлемі де өзгереді, олар енді бұрынғыға қарағанда ықшамды болмақ. Сондай-ақ, онда ультракүлгін қорғау элементтері де болады.
Интегрирленген микросхемаға автокөліктің барлық тіркеу деректері енгізіледі.
Ол деректердің ішінде: көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, сертификаттың сериясы және тіркеу нөмірі, куәліктің берілген күні, автокөліктің маркасы мен моделі, көлік құралы шығарылған жыл және оның санаты, тіркеуден шығарылғаны жайлы белгі, сәйкестендіру нөмірі (VIN), салмағы, қозғалтқыштың қуаты, рұқсат етілген массасы, көлік құралының түсі, автокөлік иесінің аты-жөні мен мекен-жайы, арнайы ескертпелер, бастапқы тіркеу күні, көлік құралдарын түрлендіру түрлері және басқа да мәліметтер болады.


Stan.kz 

19 қыркүйек 2018 ж. 889 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930