» » Үсіну деңгейлерін білесіз бе және қайсысы қауіпті?

Үсіну деңгейлерін білесіз бе және қайсысы қауіпті?

Қыс мезгілі мамықтай ақ ұлпа қарымен ерекше. Дегенмен қаһарлы аязымен тұла бойыңды тоңдыратыны тағы бар. Теріміз қақаған суықта жаурап, үскірік аязда үсіп кетеді. Үсіген теріңіздің деңгейін мөлшерлеп, сәйкесінше әрекет жасамасаңыз, денсаулығыңызға, тіпті өміріңізге қауіп төнуі мүмкін. Ал сіз, суықта үсіген теріңіз қандай деңгейде екенін білесіз бе? Оны қалай ажыратуға болады? Және қай деңгейде қалай әрекет жасау керек? Егер осы сұрақтар сізді толғандырса, жауабын жазбамыздан таба аласыз.
 
I деңгей

«Қауіпсіз» жаурау. Бұл – тоңудың ең жеңіл түрі. Мәселен, қақаған қыста үйден көлігіңізге дейін қолғапсыз жетіп алдыңыз делік. Қолдарыңыз мұздап, сұрланып, қышиды. Осы сәтте зақымдалған тері 5-7 күн ішінде ерекше күтімнен қалпына келеді. Мысалы, қолыңызды жылы суда ұстаңыз, қою жақпа майлармен сылаңыз, т.б. Бұл әдістер қолыңызды жарылудан қорғайды.



II деңгей

Суықтау. Метродан немесе вокзалдан құрбыңызды не досыңызды күтіп алуға бардыңыз. Бірақ асыққаннан, бас киіміңіз бен қолғабыңызды үйіңізде ұмыттыңыз. Сөйтіп, алыстан келе жатқан жақыныңызды бір сағат тосып тұрып қалдыңыз. Ал келесі күні денеңізде іші мөлдір суға толы күлдіреуіктер пайда бола бастайды. І дәрежелі үсінуге қарағанда, денеңіз қатты ауырсынып, пайда болған күлдіреуіктер ашытуы мүмкін. Бұл жағдайда, дәрігерге барып, көрінуіңіз керек. Суықтан алған зақым, шамамен, 2 аптадан соң жазылады. 



III деңгей

Өте суық. Сіз қыстыгүні басқа қалада жүріп, адасып қалдыңыз дейік. Бұл жолы қызыл шұнақ сары аяздан сіздің денеңізде қанды, түбі көк-ашық қызыл түсті күлдіреуіктер естелік болады. Олардың орны ашытып, сыздайды. Үскен терілер өліп, тырнақтар түсіп қалуы мүмкін. Кей жағдайда, тырнақ өспей қалады, кейде пішіні өзгеріп өсуі мүмкін. Бұндай кезде, дәрігерге барып, ем алу керек. 2-3 аптадан соң айыққанмен, үлбіреген терілердің орнында тыртықтар қалады. 



IV деңгей

Суықтың бұл дәрежесіне сипаттама берудің өзі қиын. Дененің жұқа терілері зақымданып өліп, сүйек пен тері арасындағы ұлпалар үсіп кетеді. Сол себепті, қан айналым азайып, тері көгереді. Жаңағы айтқан күлдіреуіктер жоқ болғанымен, зақымданған теріңіздің түсі көк, тіпті кейде, мәрмәр секілді болады. Денеңіз ісініп, кейбір үсіктен өлген терілеріңіз алынып тасталуы мүмкін.  Аталған ІІ, ІІІ, және VІ дәрежелерге тап болған кезде, мынадай қағидалар есіңізде болсын: «денемді тез жылытамын» деп, теріні ысқыламаңыз. Және қармен уқалау үсік шалған теріге кері әсерін тигізетінін ұмытпаңыз. Бұл тек теріге байланысты ескертулер, ал суықтан зақымданған тыныс алу мүшелеріңіз тұмаумен арпалысып жатады. Бір түшкіргенде, адам баласы миының 100 жасушасы өліп отырады десек, сіздің иммунитетіңіз әлсірей береді. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, суық мезгілде өзіңізді және жақындарыңызды қыстың қаһарынан сақтаңыз.

Massaget.kz
24 қаңтар 2018 ж. 1 069 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930