» » Қазақстанда “туристік полиция” қызметі құрылуы мүмкін

Қазақстанда “туристік полиция” қызметі құрылуы мүмкін



ҚР Ішкі істер министрлігі “туристік полиция” құруды ұсынды. Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон қызметінің комитет төрағасы Мұрат Қабденов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Біз қазір туризм саласын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Соның ішінде “туристік полиция” құруды жоспарладық. Олар туристермен жұмыс істейді. Олардың нақты қызметі болады. Қазір бұл мәселені қарап, халықаралық тәжірибені тексеріп жатырмыз”, – деді Мұрат Қабденов.
Мұрат Қабденов депутат Ирина Смирнованың сынына жауап берді. Ирина Смирнова қазақстандық полицейлерді елге келуші туристермен қарым-қатыснасы, этикасы жайында сын айтты.
“Құқық қорғау құрылымына қатысты айтар болсақ, келеңсіз жайттар кездеседі. Бірақ көп емес. Полицейлердің құқық бұзушылығына қатысты министрлік, соның ішінде департамент қызметтік тексеру жүргізуде. Қызметкерлер дисциплинарлық жауапқа тартылады. Біз қазір шетелдік азаматтарға қатысты істерді тексерудеміз. Бізде сыннан гөрі, жақсы пікірлер өте көп”, – деді Қабденов.


Stan.kz

24 қыркүйек 2018 ж. 844 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 265

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031