» » ​Зейнетақы қорындағы жинақ неше жылға бөлініп төленеді?

​Зейнетақы қорындағы жинақ неше жылға бөлініп төленеді?

Зейнетақы қалай есептеледі.

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақталған ақшасын орта есеппен 10 жыл алады. Бұл төлемдер ай сайынғы негізгі зейнетақыға қосылып отырады. БЖЗҚ-дағы жинақталған қаржының қалай берілетінін Tengrinews.kz сайты зерттеп көрген еді. 2018 жылға дейін қазақстандықтар зейнеткерлікке шыққанда БЖЗҚ-дағы қаржысын бірден немесе екіге бөліп алды. Өзгерістің не үшін енгізілгені туралы Жинақтаушы зейнетақы жүйесі басқармасының бас маманы Бақыт Оспанова айтып берді. Оның айтуынша, елімізде зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бері ғана жұмыс істеп келеді және жоғары зейнетақы алу үшін адамдардың көпшілігі қажетті қаржы мен еңбек өтілін жинап үлгерген жоқ, сондықтан ай сайын үстеме беру керек. Қазақстандықтардың негізгі зейнетақысына қосымша үстеме берілетін болса көптеген жылдар бойы зейнеткерлік демалыста олардың қолына елеулі қаржы түседі.

Егер зейнеткер жинағы толық берілмей тұрып қайтыс болса... "Бұл жерде БЖЗҚ ешқандай мүдде танытпайды. Біз мемлекет тарапынан зейнеткерлерге қарттықты толық қамтамасыз еткіміз келеді. Біз адамның ерте немесе кеш қайтыс болғанын меңзеп отырған жоқпыз. Біз адамдардың ұзақ өмір сүріп, сол уақыттың барлығында лайықты зейнетақысының болғанын қалаймыз", - деп түсіндірді Оспанова. Бұл дегеніміз, зейнеткерлердің төлем уақытын созу қазақстандықтардың өмір сүру жасының орташа ұзақтығына байланысты болмайды. Зейнеткер қайтыс болған жағдайда оның жинағы мұрагерлеріне өтеді.

БЖЗҚ-дағы жинақ неше жылға бөлініп төленеді Егер зейнеткердің жинағы минималды 12 зейнетақының сомасынан асып кетпесе зейнеткер өзінің ақшасын бірден ала алады. 2018 жылы ол 404 940 теңге болды. Егер жинақтың көлемі 405 мың теңге болса зейнеткердің жинағы ай сайынғы төлемге өтеді. Үстеменің көлемі мен уақыты сомаға ғана байланысты болмайды, ол зейнеткердің жасына да байланысты болады. Ол үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қазіргі құнының арнайы коэффициенті бар. Бұл коэффициент бірден 79 жасқа дейінгі аралықтағы азаматтарды қамтиды. Мысалы, әйелдің есепшотында 500 мың теңге бар және ол 59 жаста зейнетке шығады. Оның бір жылда қанша үстеме алатынын есептеу үшін жинақтың жалпы сомасын коэффициентке көбейту керек. 500 000 х 0,09582 = 47 910 теңге. Бұл соманы 12 айға бөлсек, әйелдің 10,5 жыл бойы ай сайын 4 мың теңге үстеме алатынын көреміз. Егер жинақ көлемі жоғары болса, мысалы, 5 миллион теңге, онда ай сайынғы үстеме 10,5 жыл бойы 39 900 теңге болады. Ер адам зейнетке 63 жасында шығады, оның жинағы 500 мың теңге, ол 9,5 жыл бойы ай сайын 4 300 теңге үстеме алады. Егер оның жинағы 5 миллион теңге болса ай сайынғы үстеменің көлемі 9,5 жыл бойы 43 600 теңге болады. Мысалдардан көргеніміздей, жинақты төлеу мерзімі орташа есеппен 10 жылға созылады. "Жасы үлкен болған сайын коэффициент те, төлем де жоғары болады", - деді Оспанова. Айта кетейік, зейнетақы аударымдары жөніндегі анықтаманы онлайн түрде egov.kz сайтынан, сонымен қатар, Telegram-бот @EgovKzBot арқылы алуға болады.

Зейнетақы қалай есептеледі Зейнетақы жинағын төлеу - қазақстандықтардың зейнетақы төлемін қалыптастыратын үш компоненттің біреуі ғана. Оларға базалық және ынтымақты зейнетақы қосылады. Базалық зейнетақы еңбек өтіліне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Егер зейнеткердің еңбек өтілі 11 жылдан асса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 56 пайызын алады, егер 28 жылдан асса - шамамен 90 пайызын. Егер зейнеткердің еңбек өтілі 33 жыл болса, ол базалық зейнетақы ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады, ол 2018 жылы 28 284 теңге болып бекітілді. Ынтымақты зейнетақы 1998 жылға дейін жұмыс істей бастағандарға беріледі. Ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап кез келген 3 жылдың орташа айлық табысы мен 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі есептеледі. Толық ынтымақты зейнетақыны алу үшін мынадай еңбек өтілі болу керек: ерлер үшін - 25 жылдан кем емес, әйелдер үшін - 20 жылдан кем емес. Еңбек өтілі аз болған сайын аударым да тиісінше азая береді.

ERNUR.KZ


26 қыркүйек 2018 ж. 924 2

Гость Jeaplause от 13 ақпан 2019 08:29
Levitra 10 Mg Basf Dapoxetina Para La Eyaculacion Precoz where to buy cialis online safely Purchase Doxycycl Hyc 50 Mg Viagra Online Reputable

Гость Jeaplause от 5 наурыз 2019 05:53
Generic Stendra For Sale Amoxicillin Refrigerate Cialis For Sale In Uk cialis Dapoxetina Acquisto Cialis Nuevo Comprar Cialis Generico Europa

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930