» » Үндістандық компания құс шаруашылығына инвестиция салуға ниетті

Үндістандық компания құс шаруашылығына инвестиция салуға ниетті

Әлемде «Venky's» деген атпен танылған алпауыт компания Түркістан облысындағы «Ордабасы құс» және «Шымкент құс» ЖШС-імен де біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

2


Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания өкілдерімен кездесу барысында өңірде бірнеше құс фабрикасы барын, құс шаруашылығын дамытып, кластер құруға әкімдік әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Инвесторлар келетін болса, жер және инфрақұрылым мәселесіне де көмек көрсетілетін болады. Ал, «Venkateshwara Hatcheries Private Limited» (VH group) компаниясының операциялар жөніндегі бас директоры Муртуза Али Исмаил Магдум компания құс өсірумен, жұмыртқа өндірумен қатар жұмыртқа ұнтағын да кәдеге асыратынын, арнайы зерттеу орталықтарында құс шаруашылығына қажетті вакцина шығарумен де айналысатынын айтып өтті.


1971 жылы құрылған компанияның Үндістанда ғана емес, АҚШ және Еуропа елдерінде бірлескен кәсіпорындары мен жобалары бар. Компания басшысы келіссөздер сәтті аяқталса, Түркістан облысында жұмыс бастауға дайын екенін мәлімдеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы салаға жауапты орынбасарларына үндістандық инвестормен іскерлік байланысты нақтылауды тапсырды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

egemen.kz

26 қыркүйек 2018 ж. 618 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930