ҚОҒАМ ДЕРТІ ЖҰМЫЛҒАНДА ЖЕҢІЛЕДІ

Сыбайластыққа қарсы шаралар ұйымдастырып, оның алдын алу мәселесіне жергілікті жерлерде де ден қойылған. Аудан әкімдігінің қаулысы бойынша “Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ” пен “Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі бірқатар мекемеде кездесу өткізді.
Аудандық ішкі істер бөлімінен бастау алған шара “Каз пошта” бастауыш партия ұжымында, аудандық ветеринария бөлімінде және Бұқарбай батыр ауылындағы №13 “Балдырған” балабақшасы мен №33 орта мектепте өтті.
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, қоғам дерті көп болып жұмылғанда жеңілетіні айтылды.
А.БЕК.