» » Алма, шоколад, ет дәмімен: Ғалымдар дәмін өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты

Алма, шоколад, ет дәмімен: Ғалымдар дәмін өзгертуге болатын сағыз ойлап тапты

Жапониялық ғалымдар дәмін өзгертуге әрі ұзақ уақыт бойы шайнап жүруге болатын сағыз ойлап тапты.

Ðлма, Ñоколад, ÐµÑ Ð´ÓмÑмен: ÒалÑÐ¼Ð´Ð°Ñ Ð´ÓмÑн өзгеÑÑÑге болаÑÑн ÑаÒÑз ойлап ÑапÑÑ

Бұл туралы New Scientist басылымына сілтеме  жасап Stan.kz хабарлайды.

Жапонияның Мэйдзи университетінің ғалымдары ерекше сағыз ойлап тауып, аталған өнім Германияда өткен симпозиумде мақұлданды. Ол құрамы кәдімгі сағызға ұқсайтын созылмалы материалдан жасалған. Мамандар сағызды шайнар алдында арнайы құрылғының көмегімен оның дәмін өзгертеді. Артынша адам сағызды шайнаған кезде, ол алма, ананас, ет, шоколад және басқа да өнімдердің дәмін береді.

Мұндай құбылыс пьезоэлектрлік әсердің көмегімен туындайды. Яғни электродтар тілдің дәм сезуге жауап беретін әр түрлі бөлігіне әсер етеді. Жалпы алғанда, аталған сағыздың мүлде дәмі жоқ. Алайда біздің миымызға онда жалбыз немесе қарбыздың дәмі бар сияқты болып көрінеді.

Ерекше сағыз адам организмі үшін қауіпті емес. Ал оның жарамдылық мерзімі бірнеше жылға созылады. Алдағы уақытта Мэйдзи университеті аталған сағызды сатылымға шығармақ.

Stan.kz 

19 қазан 2018 ж. 840 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930