» » Тәртіп бұзған жолаушы жазаланды

Тәртіп бұзған жолаушы жазаланды

«Алматы - Астана» бағытындағы пойыздың купесінде тәртіпсіздік жасаған жолаушылардың бірін желілік полиция қызметкерлері Қарағанды- Сортировочный стансасында алып қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4 қазанда № 701 «Алматы- Астана» пойызының № 20 вагоны 5-купесіндегі жолаушылар қоғамдық тәртіпті бұзған. Жастар жолда спирттік ішімдік ішіп, жолсеріктің ескертуіне құлақ аспаған. «Купедегі құрал-саймандар мен ішкі жабдықтарды зақымдаған төбелескіштерді Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Олардың компанияға келтірген залалы анықталып жатыр», - деп атап өткен компанияның баспасөз қызметі Instagram-дағы видеороликке пікір білдіре отырып.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазанда Қарағанды-Жолаушылар стансасында «Алматы-Астана» бағытындағы жолаушылар пойызы басшысының акті бойынша полиция қызметкерлері аталмыш пойыздың 32 жастағы жолаушысын Қарағанды- Сортировочный стансасында түсіріп алып қалған. Тексеру барысында азаматтың Әкімшілік кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде болу») бойынша әкімшілік құқық бұзғаны анықталды. Әкімшілік іс қозғалып, оған 5 АЕК көлемінде, яғни 12 025 теңге көлемінде айыппұл салынды. 
26 қазан 2018 ж. 845 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930