» » Электронды үй кітапшасы қолданысқа енгізілді

Электронды үй кітапшасы қолданысқа енгізілді

Астана, BAQ.KZ. ІІМ, Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері, «Азаматтар үшін үкімет» мемкорпорациясымен бірлесіп, ағымдағы жылғы қазаннан бастап «электрондық үй кітапшасын» қолданысқа енгізді.

Тіркелгені туралы мәліметтерді әрбір азамат, ал тұрғын үй иесі – оның мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ХҚКО немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ала алады.

Портал арқылы мәліметтер алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қойылған электрондық сұрау салу, егер ұялы телефонның нөмірі Азаматтардың мобильді базасында тіркелсе, «электрондық үкімет» порталдың есептік жазбасына сұрау салу қажет.
Сонымен бірге, «электрондық үй кітапшасында» нақты жылжымайтын мүлік объектісіне анықтамада көрсетілген адамдар туралы мәліметтер мекенжайды тіркеу кодының мекенжай мәліметтері болған жағдайда беріледі.

Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматтандырылған түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.Бүгінгі күні халықтың 50% астамының мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді, осы жұмыс жылдың соңына дейін аяқталатын болады.
Автоматтандырылған түрде мекенжайды тіркеу кодын енгізу барысында сәйкессіздіктер немесе дұрыс емес мекенжай мәліметтері анықталған кезде азаматтарға мекенжай деректерін түзету үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.


Baq.kz
07 қараша 2018 ж. 737 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031