» » Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

Жаңақорған ауданында өлген мал иесіне өтемақы төленеді

Астана, BAQ.KZ. Өлген малдарға ветеринариялық зертхана «лептоспироз» ауруына қорытынды берген жағдайда бюджет есебінен өтемақы төленетін болады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында әкім Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.





10 қараша күні Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округінің Шалқия ауылында ұсақ мал (қой) қырылу дерегі тіркелген. Мал иесі Ахмет Рахимовтың айтуынша, шығын - 116 бас қой. Алайда, ауру ошағын зерттеу барысында облыстық комиссия 40 бас қойдың өлгенін нақтылады.

"Аудандық ветеринариялық зертханасына «лептоспироз» ауруына және азықтан улануға күмәнді деп, патологиялық материал өткізілген. Егер диагноз расталса, мал иесіне бюджеттен өтемақы төленеді", - деді аймақ басшысы.

Қазір жағдай тұрақты. Мал тұрған қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ветеринариялық шаралар атқарылып, қатаң бақылауға алынған. Өлекселер өртеліп, арнайы мал қорымында көмілді, мамандар зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Хабарлама түсе салысымен, ауру мал оқшауланып, сарысу және антибиотиктермен емдік шаралар жүргізілген.

Baq.kz


14 қараша 2018 ж. 594 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930