Қыс суық әрі қарлы болады: ІІД төтенше жағдайларға дайын болуға шақырды
Алдымыздағы қыс бұрынғыға қарағанда біршама суық болады. Ауа температурасы өткен бірнеше жылдың көрсеткіштерінен төмен болады. Осы орайда ІІД вице-министрі Юрий Ильин тұрғындарға қала және қала сыртындағы жолдарда төтенше жағдайлар болуы мүмкіндігін ескертті. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Қыстың алғашқы екі айында қар қалыпты мөлшерде жауады, орташа температура климаттық көрсеткіштерден төмен болады. Алайда қыстың соңғы айында елімізде қалың қар жауады деп болжануда.
Алдағы ауа райының қолайсыздықтарын ескеріп, ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Вице-министр Юрий Ильин халыққа қала және қала сыртындағы жолдарда төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін екенін ескертті.
Тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын қолданып, төтенше жағдайлар қызметінің жабық жолдар туралы хабарламаларын елеусіз қалдырмауға шақырды.
Оның айтуынша, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің басты қиындықтары жауын-шашынды ауа райында қала сыртындағы жолдар екен. Әсіресе бұл Алматы және Ақмола облыстарының тас жолдарына қатысты. Биылғы жылы Павлодар-Астана жолы да осы тізімге қосылды.
Бұл аймақтардағы жол жабыны тайғақ және "Қазавтожолдың" қарды дер кезінде тазаламайтыны да қиындықтар туғызады екен. Ильин компанияда арнайы көлік тапшылығы барын да жеткізді.
Вице-министрдің сөздерінше, жүргізушілер өз қауіпсіздіктеріне немқұрайлы қарайды. Олар жүру жылдамдығын асырып, көліктерінің дөңгелектерін ауыстырмайтын көрінеді.
Қала тұрғындарының да қауіпсіздігі негізгі мәселе болып қалуда. Қолайсыз ауа райы кезінде қала тұрғындарына құрылымдар, бағаналар, жарнамалық тақталардың құлауы жиілейді.
" Бұған құрылысшылар мен нысандарды қабылдап алған шенеуніктер кінәлі", - деді Ильин.
NUR.KZ