Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік телеарналарға сұхбат берді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиохабар тарату компаниясына (ЖМТРХК) сұхбат беріп, бірнеше жеке сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі кілттік сұрақтарға тоқталып, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы серіктестіктің ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Елбасы тілшіге “Нұрлы жол” атты инфроқұрылымдық мемлекеттік бағдарламаның негізгі қорытындыларын айтып берді.
Сондай-ақ, ЕЭЫО-мен “Бір белдеу, бір жол” бастамасын тоғыстырудың артықшылығына тоқталды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше жеке сұрақтарға да жауап берді. Әлемдегі тәртіптің жаһандық өрбуіне қатысты пікірімен бөлісті. Сұхбат 2018 жылы желтоқсан айының басында “Россия-1”, “Россия 24” телеарналарынан көрсетіледі.
Stan.kz