
Қанттың адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп. Организмге зиянын тигізбеу үшін қантты мөлшерде пайдалану керек? Тағамтану институты мамандарының айтуынша, барлық тағамдардың құрамындағы қанттарды қоса есептегенде қантты мөлшеріне күніне 50-70 грамнан аспауы тиіс. Егде адамдарда бұл мөлшер 30-50 грамға дейін төмендетілуі тиіс. Ал, семіздікке бейім адамдар қантты, тіпті, пайдаланбаған жөн. Қанттың зияны: иммунитетіңізді әлсіретеді; бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді; бүйрек ауруларына шалдықтырады; ағзаңызға хром элементі жетіспейтін болады; сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады; глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді; кальций мен магийді бойыңызға сіңіруді бұзады; көздің көруін төмендетеді; қан құрамында гемоглобиніңізді көбейтеді; ойық жаралы коллит ауруын шақырады.
Қант диабетінің алдын алып, өз өміріңізге жауапкершілікпен қараңыз!
А.Бектаева,
«Қызылорда облыстық
салауатты өмір салтын
қалыптыстыру орталығы» ЖШС-ның
Жалағаш ауданы бойынша маманы.